Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Петропавлда құрылысшылар тапқан көне заттар музейде тұр

Петропавлда құрылысшылар тапқан көне заттар музейде тұр

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Музей осыдан бес жыл бұрын құрылыспен айналысатын «Основание» кәсіпорнының басшысы Сергей Тимофеевтің бастамасымен ашылған.

- Осыдан бірнеше жыл бұрын жұмыс бабымен Соколовка елді мекенінде болдым. Жергілікті мектепте музей бар екен. Өткен дәуірдің, бұрын ата-анамыз, өзіміз қолданған заттарды көргенде ерекше сезімде болдым. Бір сәтке сол балалық шағыма оралғандай әсер етті. Әр үйде қолданылмайтын, бірақ лақтырып тастауға қимайтын ескі заттар бар. Соларды жинап, бір жерге топтастырсақ, жақсы бір музей жасауға болады деген ой келді, - дейді Сергей Тимофеев.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Музей үшін компания кеңсесінен арнайы бөлме бөлінеді. Алғашында Сергей Тимофеев музейді тек құрылыс саласына қатысты құралдар мен геодезиялық аспаптарға арнамақ болады. Мұндағы ең алғашқы жәдігер - 1954 жылы шығарылған теодолит болды.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Қазір мұнда құрылыс саласының тарихынан сыр беретін көптеген құрал сақталған. Алайда уақыт өте келе коллекция көбейіп, түрлі тұрмыстық бұйымдар жинала бастайды. Қазір музейде ХІХ ғасырдан қалған экспонаттар да бар.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

- Ерекше жәдігерлердің бірі – Киров атындағы зауыт аумағында орналасқан цехтарды бұзу кезінде табылған рельстер. Олардың бірінде «Сталин атындағы ұста-механикалық зауыты, 1935 жыл» деген жазу бар. Кейін сол жерден тағы біреуі - 1895 жылы Демидов зауытында жасалған рельс табылды. Ол кезде ғимараттың қабырғасын бекіту үшін құрылысқа қолданыстан шыққан рельстерді қолданған. Бұлар – құнды жәдігерлеріміздің бірі, - дейді Сергей Тимофеев.

Музейдегі тағы бір қызықты жәдігер – «венгри война плени» деген жазуы бар кірпіш. Бұл кірпіш бұрынғы ет комбинатының аумағынан табылған. Ол бір кездері кірпіш зауытында венгр соғыс тұтқындарының еңбек еткенін көрсететін тарихи дерек болып отыр.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Бұдан бөлек музейде алуан түрлі жәдігерлер сақталған. Мұнда әр кезеңге жататын қабырға, қол сағаттар, жүздеген төсбелгі, көмірмен қыздырылатын және электр үтіктер, самауырлар жинағы, ыдыс-аяқ, майданнан жазылған хаттар, ескі телефондар, 1970 жылдардағы радиолалар, транзисторлы радиоқабылдағыштар, магнитофондар, патефондар сақталған. Көпшілігі әлі күнге дейін жұмыс істейді.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Ал мына ірі қара малдың сүйегінен жасалған кәдесыйлар кезінде Петропавлда жасалған екен. Бүгінде ілуде бір кездесетін бұл заттар ет комбинатында жұмыс істеген цехта шығарылған.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

- Музейдегі ең көне экспонат - 1883 жылдың желтоқсанында шыққан «Южный край» газеті. Ол Харьков қаласында баспадан шыққан және Қазақстанның солтүстігіне кездейсоқ жеткен. Бүктелген газет көне айна артынан табылды. Өте жақсы сақталған. Сонымен қатар музейде ауыл тұрмысына қатысты заттар да бар: арба дөңгелегі, жүн иіруге арналған ұршық, май шайқайтын құрал сияқты бұйымдар. Ал соғысқа дейін жасалған «Zinger» тігін машинкасымен менің атам аяқ киім тікті, - дейді Петропавл тұрғыны.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Мұнда тек фотоаппараттың ғана отызға жуық түрі бар. Сергей Петрович жас кезінде фотоға түсірумен әуестенген. Кәсіпкердің хоббиі мұнымен шектелмейді. Бүгінде ол балық аулауды, бильярд ойнауды және бау-бақша егіп, күтуді ұнатады. Тағы бір қызығушылығы – ескі орындықтарды қалпына келтіру.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

- Ескі үйлерді бұзу кезінде қызықты жәдігерлерді тауып жатамыз. Адамдар көшкенде кейбір затты ескі деп қалдырып кетеді. Солардың бірі – орындықтар. Мен оларды қалпына келтіруді ұнатамын, - дейді Сергей Тимофеев.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Сергей Николаевичтің айтуынша, көшкен үйде жиі қалатын заттардың бірі – кітаптар. Бүгінде кеңсенің бір қабырғасы осы туындыларға толған, енді оны қарттар үйіне сыйға тартпақ.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Жақында кәсіпкердің коллекциясы ескі вагонмен де толықты. Бүгінде жәдігерлердің бір бөлігі осы вагонда сақталған.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Бұған дейін елімізде үш жылға музей құрылысына мораторий жарияланғанын жазған едік. 

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 19:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары