Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Көне қаланың құпиясы

Көне қаланың құпиясы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Шығыс Арал өңірінің археоло­гиялық мұрасын зерделеу жөнін­­дегі халықаралық жоба шең­­берінде көп жылдан бері Кескенкүйік қалашығын зерттеу жүргізіліп келеді. Сырдарияның төменгі ағысында орын тепкен тарихи мекен туралы IX–X ғасыр­лардың географиялық дерек­терінде мол мәлімет бар.

Арал теңізіне жақын орын тепкен Кескенкүйік көлемі жағынан оғыздар астанасы Жанкент қаласынан ауқымды болған. Былтыр осы аумақта көптен бері археологиялық зерттеу жүргізіп келе жатқан мамандар елең еткізер бір жаңалық жеткізген. Осы уақытқа дейін Орта ғасыр жылнамаларында аты жиі аталатын оғыздардың Хувара қаласының орны белгісіз болып келген еді. Былтырғы қазба жұмысы барысында Кескенкүйіктен сол қалада соғылған ақша табылып, ғалымдар көне қала талай жылдан бері таптырмай жүрген Хувараның нақ өзі болуы мүмкін деген болжам жасаған.

Геофизикалық сканерлеу, лидарлық түсіру, фотограмметрия және аэрофо­тотүсірілім секілді зерттеудің заманауи тәсілдері археологтерге ескерткіштің стратиграфиялық құрылымын және оның даму кезеңінің ретін нақтылауға мүмкіндік берді.

«Қаланың алғашқы қабаттары Жетіасар мәдениетінің дәуіріне жатады. Осыдан кейін мал шаруашылығы мен қолөнершілердің алғашқы отырықшы қонысы қалыптаса бастады. Олар жерді құрғатып, үйлер салды, алғашқы бекіністер тұрғызды. Дәл осы уақытта Сырдарияның төменгі ағысында сумен жабдықтау жүйесі бар қала өмірінің дәстүрлері пайда болды», дейді жобаны Еуразияны зерттеу қоғамының қолдауымен жүзеге асырып келе жатқан «Рутрум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі, белгілі археолог Дмитрий Воякин.

Ал VII–IX ғасырларда бұл мекен жауынгерлер мен дала одақтарының қаласы болыпты. Қаңғар-печенегтер мен ерте оғыздар дәуіріндегі көшпелі және жартылай отырықшы тайпалар Кескенкүйікті Сырдария атырабын қорғайтын бекініспен қатар ауыл шаруашылығындағы маңызы бар шаһарға айналдырған.

IX–X ғасырда Кескенкүйік оғыз мемлекетінің жан-жақты дамыған орталық қалаларының бірі Хувараға айналады. Қолөнер, металлургия, керамика өндірісі мен сауда-саттықты өркендеткен Ұлы Жібек жолындағы ірі шаһарда көшпелі және отырықшы мәдениет қатар өмір сүреді.

«Зерттеу барысында топырақ, күл, көміртекті қосындылар және өсімдік қалдықтарынан 31 үлгі жиналды. Бұл сынамалар шетел зертханаларында зерттеледі. Осы арқылы сол тұстағы табиғи ортамен қатар қала тұрғындарының күнделікті ас мәзірі жайлы дерек аламыз деген үміт бар», дейді археолог.

Қазірдің өзінде сол кезде-ақ бидай, тары, асқабақ тұқымдас өсімдіктер өсіргені белгілі болып отыр. Бірақ егістік алқаптары, суландыру жүйесі туралы мәлімет тапшы. Орта Азия елдеріндегі ежелгі суландыру жүйесін зерттейтін Ұлыбританиядағы Йорк университеті мамандары тарихи қалашық маңын барлап, бірқатар материал жинады.

ҚЫЗЫЛОРДА 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары