Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Бояулар құпиясы көрмесі ашылды

Бояулар құпиясы көрмесі ашылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматы қаласы Білім басқармасы мен «Өнер мектебі» КМҚК ұйымдас­тыруымен өткізіліп жатқан экспозицияда акварель, кескіндеме, графика, пастель сынды әртүрлі техникада орындалған материалдар ұсынылады. «Өнер мектебі» КМКҚ бей­не­леу өнері бөлімінің мең­герушісі Зарима Сүлейменованың сөзінше, байқау аясында дарынды балаларды анық­тау үшін белгілі суретшілер мен өне­р­танушылар тартылған.

– Біздің ең бірінші көздегеніміз – елі­міздің түкпір-түкпіріндегі ерекше қабілеті бар балаларды табу. Байқауда балалар топтарға бөлініп, өз қатарлас­тарының арасында бақ сынайды. Қазылар алқасы тек суреттің әдемілігіне емес, баланың қиялына, түстерді таңдау шеберлігіне және тақырыпты өзіндік көзқараспен аша білуіне баса назар аударады. Бала берілген тақырыпты қалай түсінді? Біз үшін шаблонды ойлаудан гөрі баланың өзіндік көзқарасы маңызды. Мысалы, тақырып туған жер туралы болса, жай ғана тау мен күнді емес, баланың өз ауылындағы ерекше бір сәтті немесе есте­лікті бейнелеуіне мән беріледі. Сондай-ақ бағалау кезіндегі ең қатал ереже –  жұмыстың баланың өз қолымен орын­далуы. Қазылар алқасы кәсіби маманның қол­таңбасын бірден таниды. Сон­дықтан баланың кіші­гірім қате­ліктері болса да, оның өз бет­ін­ше жасаған еңбегі әлдеқайда жоғары баға­ланады, – деді З. Сүлейменова.

16 жастағы Ерасыл Несіпбай қазір Алматы қаласында орналасқан №62 гим­назияның 9-сыныбында оқиды. Сонымен бірге бойындағы шығарма­шылық қабілетін дамытуды мақсат тұтқан ол Өнер мектебінде қатар білім алады. Ерасыл осыған дейін де бірнеше байқауда бағын сынап келе жатқан талапты оқушылардың бірі. 

– Мен бұл байқауға ұзақ уақыт дайын­далдым. Ал­дымен тақырыпқа сай идея іздеп, бірнеше эскиз сыз­дым. Бояулардың бір-бірі­мен үйлесім тауып, жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру үшін көп жаттық­тым. Күнде­лікті 2-3 сағатымды осы суретке арнадым. Дайындық барысында атақты суретші­лердің туындыларын зертте­дім. Мен сурет салғанда музыка тыңдағанды жақсы көремін. Себебі әуеннің ырғағы маған бейнелерді елестетуге көмектеседі. Сондай-ақ оқыған ерте­гілерім мен кітап­тарымдағы кейіпкерлер де менің қиялымды дамытады. Мен үшін ең маңыз­дысы – түстерді таңдау. Себебі бояулар арқылы мен өз көңіл күй­ім­ді жеткізе аламын, – деді Е. Несіпбай.

Кәсіби маман ретінде экспо­зи­цияда ұсынылған туындыларға баға берген Айсұлу Өскенбайқызы жас суретшілердің жұмысынан ортақ тенденция байқа­латынын айтады. Әсіресе, қатысушы­лардың сан түрлі бояуға толы суреттерінен бүгінгі қоғамның әлеуметтік және рухани бейнесін көруге болады. 

– Балалар өз туындылары арқылы ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді, та­би­ғатты қорғау мәселесін және адамзат ара­сындағы татулық пен бірлікті бейне­леген. Бұл қазіргі жас буынның қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамай, олар­ды өнер арқылы жеткізе алатынын көрсетеді. Сонымен қатар экспозицияда ұсынылған туындылардан балалар мен жасөспірімдердің ұлттық құндылықтарға, табиғат пен адамгершілік тақырыптарына ерекше қызығушылық танытатынын байқадым. Көптеген туындыда туған жер­ге деген сүйіспеншілік, бейбітшілік пен мейірімділік идеялары көрініс тап­қан. Кей балалардың шығармаларында заманауи көз­қарас пен өзіндік стиль қалыптаса бас­та­ғаны байқалады, – деді Әбілхан Қастеев атынағы  Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залы бөлімінің жетекшісі, көрме кураторы Айсұлу Үсентаева.

Уақыт өткен сайын сол заманның буы­н­ына тән өзіндік ерекшеліктер мен құндылықтар қалыптаса бастайтыны рас. Қазіргі жас ұрпақ арасындағы сондай бір ерекшеліктерді дәл осы көрмеден де аңғаруға болады. 

– Иә, қазіргі жас буынның визуалды тілі бұрынғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген. Бүгінгі балалар өз ойын батыл жеткізіп, түр-түстер мен заманауи композициялық шешімдерді еркін қолданады. Олар дәстүрлі тақы­р­ып­­тарды қазіргі заман көзқарасымен үйлестіріп, шығармаларына жаңа мазмұн мен ерекше стиль енгізіп келеді, – деді көрме кураторы.

Айсұлу Өскенбайқызының сөзінше, бұл көрме  жас дарындар­дың талантын шыңдап, олардың өнер жолына сенімді қадам басуына мүмкіндік беретін маңызды жобалардың бірі. «Осындай игі бастамалар арқылы өскелең ұрпақ ұлттық мәдениет пен өнердің қадірін түсініп, шығармашыл тұлға болып қалыптасады», –  дейді ол.

– Биылғы көрмеде ауқымды әрі маң­ызды тақырыптар қамтылды. Мысалы, «Менің шаңырағым – Қазақстан Респуб­ликасы» тақырыбында еліміздің әсем табиғаты, жан-жануарлары әлемі мен мәдениеті бейнеленсе, «Бейбітшілік пен мейірімділік біздің қолымызда» тақырыбы арқылы адамзаттың рухани әлеміне терең үңілуге мүмкіндік берілді. Ал «Тірі ғалам­шар» тақырыбы кішкентай ғана елімізді бүкіл әлеммен байланыстыра қамтиды. Бұл көрме жай ғана экспозиция емес, тәрбиелік мәні зор, білім мен өнер­ді ұш­тастырған ерекше алаңға айналды. Қой­ыл­ған туындылар өнердің адам өмір­ін­дегі маңызын тереңірек түсінуге көмек­теседі. Көрмеге қатысу­шылардың осыған дейінгі жетістіктері де жоғары деңгейде бағаланған, – деді А. Үсентаева.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, 

Алматы қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 07:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары