Елімізде Эстония әдебиеті көрмесі ашылды
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ұлттық академиялық кітапханада Эстония әдебиеті бұрышы мен комикстер көрмесі ашылды. Салтанатты шараға Эстония Президенті Алар Карис қатысып, жылы лебізін білдірді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева екі ел арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға деген ықыласын жеткізді.
Көрмеге 320-ға жуық басылым қойылған. Оның 200-ден астамы Эстониядан әкелінген, қалғандары кітапхана қорындағы эстон әдебиеті мен жазушылары туралы жинақтар. Экспозицияда Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының эстон тіліндегі нұсқасы, сондай-ақ эстон классиктері мен қазіргі заманғы қаламгерлердің шығармалары ұсынылды. Арнайы бөлімде Эстония әдебиетінің тарихына саяхат жасайтын комикстер топтамасы да бар. Олар алғашқы эстон тіліндегі кітаптан бастап Тәуелсіздік декларациясына дейінгі маңызды шығармаларды қамтиды. Көрме 30 қарашаға дейін жалғасады.
Алар Карис, Эстония Республикасының президенті:
- Бұл жоба Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып, эстон тіліндегі алғашқы кітаптың жарық көргеніне 500 жыл толуына арналған. Қазақстанды эстон әдебиетімен таныстыруға сондай-ақ кітаппен адамдарды байланыстырып, халықтарды табыстырғанымызға ризамыз. Бүгін біз қазақ тіліне аударылған екі эстон кітабын алып келдік. Онда біздің даналығымыз бен әңгімелеріміз көрініс тапқан.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:38
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 22:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















