Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Ұлттық академиялық кітапханада эстон әдебиеті бұрышы ашылды

Ұлттық академиялық кітапханада эстон әдебиеті бұрышы ашылды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ұлттық академиялық кітапханада Эстония Президенті Алар Каристің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында эстон әдебиеті бұрышының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанатты рәсімге Эстония Президенті Алар Карис, Эстонияның Бірінші ханымы Сирье Карис, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, дипломатиялық корпус өкілдері, отандық және эстондық әдебиет пен өнер қайраткерлері және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

«Қазақстан да, Эстония да өз әдебиетінің негізін бай ауыз әдебиетінен алатыны — көңіл аудартатын ортақ қасиет. Айтыс секілді дәстүрлі халық өнері әдебиет пен жазба тілдің дамуына берік негіз болды. Бір кезде баспа ісінің пайда болуы әлемді түбегейлі өзгерткен еді, бүгінде жасанды интеллект те сондай ауқымды өзгерістер әкелуде. Алайда даму жолында өткеннің құндылықтарын сақтау да маңызды. Айтыс та, кітап та — соның жарқын мысалы. Эстон әдебиетінің бұрышы достық пен жаңа ашылулар мекеніне айналсын деп тілеймін», – деді Эстония басшысы құттықтау сөзінде.

Іс-шара барысында Аида Балаева Алар Карис пен оның жұбайы Сирье Каристі қарсы алып, қатысушыларды маңызды мәдени оқиғамен құттықтады.

«Бүгін біз Қазақстан мен Эстония арасындағы терең символдық мәнге ие маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Эстон әдебиеті бұрышының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сөздің, руханияттың күші арқылы елдер мен халықтарды жақындастыратын ұзақ мерзімді әрі маңызды бастаманың бір бөлігі. Өздеріңіз табалдырығын аттап отырған ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Эстония әдебиеті мен эстон қаламгерлері туралы 100-ден астам құнды басылым сақталған. Олардың қатарында эстон әдебиетінің көрнекті өкілдері – Юхан Смуул, Пауль Куусберг, Яан Кросс сынды қаламгерлердің шығармалары да бар. Біз бүгін Эстонияның бай әдеби дәстүрімен жақынырақ танысу мүмкіндігі туып отырғанына қуаныштымыз», – деді Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, эстон әдебиеті бұрышының ашылуы Қазақстан мен Эстония арасындағы мәдени байланысты нығайту жолындағы жаңа қадам болып, екі ел халқы арасындағы достық диалогты дамытуға ықпал етеді.

Бұрышта Эстонияның классиктері мен заманауи авторларының шығармалары, балаларға арналған иллюстрацияланған басылымдар, қазақ шығармаларының эстон тіліне аудармалары, сондай-ақ эстон жазушыларының қазақ тіліне тәржімаланған еңбектері қойылған.

Көрмеде шамамен 320 басылым ұсынылды, оның 200-ден астамын эстон тарапы сыйға берген. Қалған кітап қоры – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының эстон, орыс және ағылшын тілдеріндегі эстон әдебиеті мен оның авторларына арналған басылымдары. Олардың ішінде Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының эстон тіліндегі аудармасы, сондай-ақ Антон Хансен Таммсааре, Янн Каплинский, Андрус Кивиряхк және басқа да белгілі эстон жазушыларының шығармалары бар.

Аталмыш жоба Эстонияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асты және эстон тілінде басылып шыққан алғашқы кітаптың 500 жылдығына арналды. Бастаманың мақсаты – эстон мәдениетін, тілін және әдеби мұрасын кеңінен насихаттау.

Әдебиет бұрышының ашылуымен қатар комикстер көрмесі де өтті. Экспозиция 12 негізгі сюжеттен тұрады, олардың әрқайсысы Эстонияның әдеби дәстүріндегі маңызды кезеңді көрсетеді. Көрме 2025 жылдың 30 қарашасына дейін өтеді.

Іс-шара аясында Аида Балаева мен Эстонияның Бірінші ханымы Сирье Карис Өнер музейін аралап, ұлттық музыкалық аспаптар коллекциясымен, қазақтың ұлттық киімдері, бас киімдерінің үлгілерімен танысты.

Сирье Кариске «Joshy Qazaq National Group» музыкалық тобының концерт-лекциясы ерекше әсер қалдырды. Топ мүшелері ұлттық аспаптарды өздері жасап, дәстүрлі музыкалық шығармалар жазып, орындайды.

Одан кейін Сирье Карис пен Аида Балаева К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде белгілі дирижер Рамус Пура жетекшілік ететін Таллин Ескі қала колледжінің (Tallinna vanalinn) ішекті аспаптар оркестрінің концертіне қатысты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 22:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары