Қостанайдағы зейнеткер өлімі: 17 жастағы күдікті ұсталды
Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қостанайда 86 жастағы зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін қайғылы оқиға тұрғын үйлердің бірінің ауласында болғаны хабарланған еді. 86 жастағы ер адам орындықта отырған кезде оған пышақпен шабуыл жасалған. Оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Қала тұрғындары қалада басқа да қылмыстарға қатысы бар қаскөй пайда болуы мүмкін деп қауіптенген болатын.
Полиция кісі өлтіру дерегін растап, зейнеткердің денесі зорлық-зомбылық белгілерімен табылғанын хабарлады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 17 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кадрларды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды.
Полиция департаменті тергеу амалдары жалғасып жатқанын, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын қосымша атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















