Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Көктемге дейін сыртқа шықпау керек пе? Алматылықтар түтінге (смогқа) жаппай шағымдануда

Көктемге дейін сыртқа шықпау керек пе? Алматылықтар түтінге (смогқа) жаппай шағымдануда

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматылықтар түтін мен күйік иісіне шағымданды. Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары ауаның ластану карталарын жариялап, жағдай қашан жақсаратынын сұрап жатыр. Tengrinews.kz неге Алматыны тағы түтін басқанын, ауаны не ластайтынын және қашан тыныс алу жеңілдейтінін білу үшін экологтар мен Қазгидрометке хабарласты.

"Көктемге дейін далаға шықпаймыз ба?": алматылықтардың шағымы

Кейінгі күндері желіде Алматыдағы ауа сапасына қатысты шағым көбейді. Қала тұрғындары датчиктер ластанудың жоғары деңгейін көрсетіп тұрған қосымшалар скриншотын бөлісіп жатыр.

Пайдаланушылардың бірі әкімдікке ЖЭО-ны жаңғырту туралы сұрақ қойды.

"ЖЭО-ны жаңғырту мәселесі не болды? Далаға шықсаң, қою түтін көзге көрініп тұр, ал мұрынға бірден күйік иісі келеді", – деп жазды ол.

Тағы бір пайдаланушы Боралдай ауданындағы датчик ауа сапасы индексін 879 деп көрсеткен скриншотты жариялады. Қосымша мұндай деңгейді өмірге қауіпті деп белгілеген.

Тағы бір алматылық билікке демалыс күндері көлік қозғалысын ең болмағанда уақытша шектеуді ұсынды.

"Енді көктемге дейін далаға шықпау керек пе? Жалпы қандай шараларды қолдану жоспарланған? Егер негізгі ластаушы көздерге қатысты мәселе шешілмесе, неге тым болмаса уақытша шаралардан бастамасқа?" – деп жазды қыз.

Threads желісіндегі жазбалардың скриншоттары

"Нормадан бес есеге жуық жоғары": экологтар не дейді?

Almaty Air Initiative өкілдері Tengrinews.kz-ке қарашаның басында Алматыдағы ауа PM2.5 ұсақ бөлшектерімен қатты ластанғанын хабарлады.

Бұл өкпеге терең енуі мүмкін шаң мен басқа да заттардың өте ұсақ бөлшектері.

1 қарашада олардың тәуліктік орташа концентрациясы текше метріне 72 микрограмға жетті. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәуліктік ұсынымынан бес есеге жуық жоғары.

2 қарашада көрсеткіш 34 микрограмға дейін төмендегенімен, әлі де ДДСҰ ұсынымынан екі еседен аса жоғары болды.

Экологтар бұл мәселе бұрыннан бар екенін айтады. Сонымен қатар, олардың мәліметінше, жыл өткен сайын Алматының ауасы ластанып барады.

"2025 жылы PM2.5-тің орташа жылдық деңгейі 31,2 мкг/м³ болды, бұл ДДСҰ-ның жылдық ұсынымынан 6,3 есе жоғары және 2024 жылғы көрсеткіштен шамамен 30 пайызға жоғары", – деп хабарлады Almaty Air Initiative.

Мамандар 2026 жылғы жағдайды жыл қорытындысы бойынша толық бағалауға болатынын атап өтті.

Қазақстанда ауасы ең лас қалалар аталды: жаңа дерек

Алматыны неге тағы түтін басты?

Экологтардың айтуынша, себеп тек ЖЭО немесе көліктерде емес. Күн суыта бастағанда бірнеше фактор ластануды күшейтеді.

Біріншіден, жылыту маусымы басталады. ЖЭО, қазандықтар мен жеке үйлер отын жағады. Екіншіден, көліктер, әсіресе қарбалас уақытта, ластаушы заттарды шығарады.

"Жылыту маусымымен тікелей байланыс бар, бірақ бұл жалғыз себеп емес. Жылу қосылғаннан кейін ірі жылу көздерінде, қазандықтарда, жеке үйлерде, моншаларда және шаруашылық құрылыстарында отын жағу көлемі артады. Көлік жүктемесі де сақталып отыр", – деп түсіндірді экологтар.

Тағы бір себеп – ауаның тазаруына кедергі келтіретін ауа райы. Желсіз күндері және температуралық инверсия кезінде түтін жоғарыда тұрып қалады.

Қарапайым тілмен айтқанда, қыста шығарындылар көбейеді, ал жел сейілтіп үлгермейді.

Almaty Air Initiative бақылауы бойынша, әсіресе Алматының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде жағдай күрделі. Суық кезде ең қатты ластану көбінесе кешке – шамамен 19:00-ден 21:00-ге дейін, қарбалас уақытқа тұспа-тұс келеді.

Көліктер ауаны пайдаланылған газдармен ғана емес, жол шаңымен, сондай-ақ шиналар мен тежегіш колодкаларының тозуынан пайда болатын бөлшектермен де ластайды.

Бұған дейін Экология министрлігі Tengrinews.kz-ке хабарлағаны бойынша, Алматыдағы барлық шығарындының 60 пайызға жуығы көліктерге тиесілі.

Ескерту: Бұл мәліметтер қаладағы шығарындылардың жалпы көлеміне қатысты, ал экологтардың зерттеуі Алматының бір нүктесіндегі PM2.5 ұсақ бөлшектерін ғана есепке алған.

Қазгидромет не дейді?

Қазгидромет Tengrinews.kz-ке Алматыдағы ауаның ластану деңгейі жоғары екенін растады.

Ведомствоның 2026 жылғы қыркүйектегі мәліметтері бойынша, мамандар зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуін бірнеше рет тіркеген. Мысалы, азот диоксидінің деңгейі кей кезде нормадан 3,4 есе, ал PM2.5 ұсақ бөлшектері – 2,1 есе асқан.

Ескерту: Экологтар 1 қарашада PM2.5 концентрациясы ДДСҰ ұсынымдарынан бес есеге жуық асқанын хабарлады. Айырмашылық өлшеу күндеріне және қолданылатын нормативтерге байланысты.

"2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматыдағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары деңгейде қалып отыр", – деп хабарлады Қазгидромет.

Билік түтінге қатысты қандай шаралар қабылдап жатыр?

Негізгі шаралардың бірі – Алматыдағы ЖЭО-ларын көмірден газға көшіру. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 3 қарашада 2-ЖЭО-ның жаңа газ қазандығы жылу бере бастады. Келесі кезең – электр энергиясын өндіруге арналған жабдықтарды іске қосу.

Бүгін, 4 қарашада энергетика министрі Ерлан Ақкенженов станцияның электр бөлігін қарашаның аяғына дейін, ал барлық жұмысты 2026 жылғы 25 желтоқсанға қарай аяқтау жоспарланғанын мәлімдеді.

Бұл ретте 2-ЖЭО-ның ескі көмір бөлігі резервте қалады.

3-ЖЭО-ны жаңғырту мәселесі күрделірек. 4 қарашада Үкімет кулуарында "Самұрық-Энерго" басшысы Аңсар Айдаров 3-ЖЭО құрылысы 8-9 айға кешігіп жатқанын айтты. Ол іркілісті құрылыс алаңынан табылған жерасты суларымен және ірі электр қосалқы станциясын көшіру қажеттілігімен түсіндірді.

Оның айтуынша, сейсмикалық қауіптің жоғары болуына байланысты мамандар іргетасқа қосымша сынақ жүргізген.

Енді 3-ЖЭО құрылысын 2027 жылдың аяғына қарай бітіру жоспарланып отыр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Тағы бір шара – Алматы орталығындағы төмен шығарындылар аймағы (LEZ). Ол 2026 жылдың 28 сәуірінен бастап тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Билік көліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігін тексеріп жатыр.

Тестілік режим 2026 жылдың аяғына дейін жалғасады. 2027 жылдың 8 қаңтарынан бастап жаңа экологиялық талап күшіне енеді. Алайда, бұл жүргізушілерге бірден айыппұл салынады дегенді білдірмейді: алдымен әкімдік LEZ шекарасын ресми түрде бекітуі тиіс.

Бұған дейін Tengrinews.kz 2027 жылдан бастап қандай шектеулер енгізілуі мүмкін екенін және жүргізушілерге не үшін айыппұл салынатынын егжей-тегжейлі жазған болатын.

Алматының ауасы қашан тазарады?

Қазгидромет 5 қарашада Алматыда ауа сапасы уақытша жақсаруы мүмкін екенін хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бұл күні жауын-шашын мен желдің күшеюі болжанады.

"5 қарашада желдің жылдамдығы секундына 13 метрге дейін күшейіп, жауын-шашын болады деп болжанып отыр. Бұл ластаушы заттардың атмосферада сейілуіне және шайылуына, тиісінше ауа сапасының уақытша жақсаруына ықпал етуі мүмкін", – деп хабарлады ведомство.

Бұл ретте бүгін, 4 қарашада ауа райы ластанудың жиналуына әсер етеді.

Түтіннен қалай қорғануға болады?

Almaty Air Initiative мамандары алматылықтарға датчиктер көрсеткішін бақылап отыруға және ауа қатты ластанған күндері далада болу уақытын мүмкіндігінше азайтуға кеңес береді.

Балалар, жүкті әйелдер, қарт, сондай-ақ жүрек және өкпе аурулары бар адамдар ерекше сақтық танытуы керек.

Үйді қорғау үшін мамандар HEPA-сүзгісі бар ауа тазартқыштарды, ал сыртта ұзақ болған жағдайда N95 немесе FFP2 класындағы респираторларды қолдануды ұсынады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ауасы ең лас қалалар аталды: жаңа дерек

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:57
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары