Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Алматылықтар автобустардағы сығылысқа шағымдануда: әкімдік не ойлап тапты

Алматылықтар автобустардағы сығылысқа шағымдануда: әкімдік не ойлап тапты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматы тұрғындары қарбалас уақытта аялдамалардағы адам кептелісі мен лық толы автобустарға шағымдануды тоқтатар емес. Әкімдіктегілер жолаушылардың отыруын жеңілдету үшін тасымалдаушы ең көп адам жиналатын аялдамаларға бос автобустарды бағыттайтынын хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аялдамалардағы кептеліс мәселесі қалай шешілмек?

Әкімдіктің мәліметінше, "Алматыэлектротранс" ЖШС қарбалас уақытта адам ең көп жиналатын аялдамаларға жолаушысыз қосымша автобустар жіберуді ұйымдастырады.

"Қарбалас уақытта жекелеген бағыттарда жолаушылар ағынының артуы байқалады, соның салдарынан жолаушыларға келіп тоқтаған автобус салонына кіру қиынға соғады. Бұл ретте кестеде қарастырылған барлық автобус желіде жоспарлы мөлшерде жұмыс істеп тұр. Жағдайды қосымша жақсарту үшін "Алматыэлектротранс" адам көп жиналатын аялдамаларға тікелей жолаушысыз бос автобустарды жіберіп жатыр", - деп хабарлады әкімдік.

Компания өкілдері диспетчерлік қызметтің жұмысы қалай ұйымдастырылғанын да айтып берді.

"Диспетчерлік қызмет бағыттардағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап отырады. Қарбалас уақытта аялдамаларда адам көп жиналған тұстарға біз жедел түрде бос келетін қосымша автобустарды бағыттаймыз. Бұл жолаушылардың келесі рейсті күтпей, салонға еркін кіруіне мүмкіндік береді", - деді "Алматыэлектротранс" ЖШС пайдалану бөлімінің бастығы Алмаз Төлегенов.

Алматы әкімдігі өз кезегінде жолаушылар ағынын реттеу бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын атап өтті. Тасымалдаушы бағыттардағы жағдай мен аялдамалардағы жолаушылар санын ескере отырып, жедел шаралар қабылдап жатыр.

Алматылықтар лық толы автобустарға әлі де шағымданып жатыр

Бұл уақытта Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде адамға лық толы аялдамалардың видеоларын жариялап жатыр.

Осындай видеолардың бірі 21 қазанда пайда болды. Онда Тимирязев көшесіндегі "ҚазҰУ" аялдамасы түсірілген, онда ондаған адам автобус күтіп тұр.

Threads-тен көру

19 қазанда қала тұрғыны адамдардың лық толы № 38 автобусқа сығылысып мінуге тырысқаны түсірілген видеоны жариялады. Жолаушылардың салонға кіруіне сырттан бақылаушылар көмектескен.

Жағдайға жауап бере отырып, әкімдіктен бұған дейін жолдардағы кептеліс, әсіресе қарбалас уақытта, кестеден кешігу мен ауытқулар тудыратынын мәлімдеген болатын. Бұл қозғалыс интервалының ұзаруына және аялдамаларда жолаушылардың жиналып қалуына әкеп соғады.

Сондай-ақ билік қазіргі көлік кептелісі сақталған жағдайда, рейстер санын көбейту мен қозғалыс кестесін түзетудің өзі мәселені толығымен шешуге мүмкіндік бермейтінін мойындады.

Автобус та, метро да лық толы

Бұған дейін Алматы тұрғындары мен қонақтары лық толы автобустар мен метро станцияларындағы кептелістерге шағымданған болатын. Қарбалас уақытта жолаушыларға қоғамдық көлікке міну қиынға соғып, метроға кіреберісте ұзын-сонар кезек пайда болған. Әкімдіктегілер адамдардың жиналуын жол кептелістерімен және автобустардың қозғалыс интервалының бұзылуымен түсіндірді.

Сондай-ақ қала тұрғындарынан №118 бағытқа да қатысты шағымдар түсті. Жолаушылар автобустың шектен тыс толып кететінін айтты. Олардың сөзінше, қарбалас уақытта салонның толы болатыны соншалық, есіктер жабылмайды, ал кейбір жолаушылар кіреберісте қысылып қалады.

Алматылықтар лық толы автобусқа шағымданды. Видеодан алынған кадрлар

14 қазанда Шұғыла шағын ауданының тұрғындары автобустарды ұзақ күту мен олардың лық толы болуына байланысты желіде виде жариялады.

Көптеген шағымнан кейін қалалық мобильділік басқармасы Алматыда 210 қалалық және қала маңындағы бағыттар жұмыс істейтінін хабарлады. Желілерде 3 200-ден астам автобус пен троллейбус жүреді.

Басқарма қарбалас уақытта, әсіресе оқу жылының басталуымен, сондай-ақ қаладағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты кептелістердің күшейетінін мойындады. Соның салдарынан автобустар жалпы ағынмен бірге тұрып қалады, бұл қозғалыс интервалының ұзаруына және салондардың лық толуына әкеледі.

Ведомство өкілдері күн сайын қоғамдық көлік жұмысын қадағалап, жолаушылар ағыны мен тұрғындардың өтініштерін талдап отыратынын мәлімдеді. Мониторинг нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда қозғалыс схемалары түзетіледі, жаңа бағыттар ашылады немесе жұмыс істеп тұрғандары қосымша автобустармен күшейтіледі.

Бұдан бөлек, қарбалас уақытта ең көп жүктеме түсетін бағыттарға барынша көп көлік шығаруға мүмкіндік беретін жеке қозғалыс кестелері кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Редакция жағдайды бақылауды жалғастырады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары