Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Отандық ғалым сенсорлы ұлтарақ ойлап тапты

Отандық ғалым сенсорлы ұлтарақ ойлап тапты

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ғылым саласындағы ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық ғалымдар Жапонияда білім-біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды.

Күншығыс елінде жинаған тәжірибесінің арқасында олардың ғылымға деген құштарлығы арта түсті. Мәселен, Жапонияда білім алған ғалымдарымыздың бірі бүгінде ерекше ортопедиялық ұлтарақ ойлап тапты. Ол адамның жүріс-тұрысын зерттеп, ағзаның жай-күйіне диагностика жүргізеді. Қазіргі таңда бұл технологияны футболшылар кеңінен қолданып жүр. 

Гүлнұр Калимулдина Жапонияда білім алған ғалым. PhD докторант. Ол инженерлік бағыттағы үздік жоғары оқу орындарының бірі Токио технология институтында оқыған. Сенсорлық технологиялардың сырына көңілі ауып, саланы терең зерттейді. Алғашында қозғалыс кезінде электр энергиясын өндіретін материал жасап, оны дамытқан. Соның негізінде Mirai Tech стартапы пайда болды.

Гүлнұр Калимулдина, Mirai Tech стартапының негізін қалаушы:

- Жапонияда ғылымға деген құштарлығым ашылды. Ғылымды қалай дұрыс жолмен жасау керегін, сонымен қатар оны өте тиянақты зерттеу қажет екенін үйрендім. Жапониядағы ғылымның басты айырмашылығы — олар ең алдымен фундаменталды зерттеулер жүргізіп, содан кейін ғана оны қолданбалы технологияға айналдырады. Соның арқасында Қазақстанда алғашқы сенсорлық технологияны өзіміз жасап, отандық ғылыми өнім ретінде ұсындық.

Ұлтараққа ақылды деген ұғымды таңу оғаш естілсе де, расы сол. Ондағы сенсор табанға түсетін күшті, қозғалыс динамикасын, тепе-теңдікті және қадам жиілігін анықтайды. Яғни небәрі 2 минутта ұлтарақ 20 000-нан астам дерек жинап 17 түрлі диагноз қоя алады. Деректер жасанды интеллект көмегімен өңделіп, кесте мен статистикалық көрсеткіш түрінде ұсынылады. Қазір бұл нано технологияны кей реаблитациялық орталықтар диагноз қоюға қолданып жүр.

Гүлнұр Калимулдина, Mirai Tech стартапының негізін қалаушы:

- Наноұлтарақты аяқ киімге киесіз. Екі минут жүргеннен кейін біз толық талдау жасап береміз: майтабандық бар ма, асимметрия анықтала ма, салмақ қай аяққа көбірек түсіп жатқанын көрсетеміз. Жүріске қатысты барлық мәліметтер математикалық түрде бірден есептеледі.

Инновациялық ұлтарақтың басты артықшылығы — оның иілгіштігінде, дейді маман. Көбіне қазіргі ұлтарақтар қатты болғандықтан, қозғалыс кезінде сенсорлардың зақымдану қаупі жоғары. Ал бұл ұлтарақ оңай майысып, аяқтың табиғи қимылына кедергі келтірмейді. 

Нұрасыл Нұрмағанбет, Mirai Tech стартапының электроника инженері: 

- Қазіргі ұлтарақтардың көбінде мыңдаған сенсор болады. Бірақ егер бір сенсор істен шықса, барлық жүйе қате ақпарат беруі мүмкін және ақаудың нақты орнын анықтау қиын. Ал біздің технологияда мұндай мәселе туындамайды. 

Университет қабырғасында жасалған стартап бүгінде халықаралық деңгейде қызығушылық тудырып отыр. Бұл технология жарақаттан кейінгі оңалту кезінде, әсіресе спортшылар үшін тиімді. Енді Гүлнұр Калимулдина бастаған топ Еуропаның футбол клубтарымен бірлесе сынама жобаны жүзеге асырмақ.

Асылжан Құрманғали, Мерей Талап

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 16:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары