Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Отандық ғалымдар табиғи суды заласыздандыратын әмбебап сүзгі ойлап тапты

Отандық ғалымдар табиғи суды заласыздандыратын әмбебап сүзгі ойлап тапты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Соңғы жылдары ауыз су дүние жүзіндегідей елімізде де тапшы ресурстың біріне айналып отыр. Президент тапсырмасына орай қазіргі кезде ел тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасы қабылданып, осы бағытта жобалар қолға алынды, деп жазады Egemen.kz.

Осы ретте ғалымдардың заманауи әзірлемелерінің маңыздылығын атап өткен жөн. Жуырда Қ.Сәтбаев университетінің ғалымдары табиғи көздерден алынған суды тазартып, залалсыздандыратын әрі белсендіретін инновациялық көпсатылы сүзгі әзірлеп шығарды. Өндіріске дайын тәжірибелік үлгіні таныстырған ғалымдар пікіріне сүйенсек, әмбабап сүзгі таза су алу мүмкіндігін барынша арттыра түседі.

Жоба Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қоры мен бизнес қауымдастығының қолдауымен жүзеге асып отыр. Ғылыми әзірлеменің өндіріске енуімен жаңа технологияларды қолданысқа енгізу арқылы су қауіпсіздігін күшейтуге болады.  Жоба жетекшісі, инженер-эколог, PhD Үмбетәлі Сәрсембин ауыз суды көпсатылы өңдеуге арналған көпфункционалды «Аквакөз» қондырғысының өндірістік ерекшеліктерін айтып берді.

«Бұл технология үш кезеңнен тұрады. Ең алдымен сүзгілеу мен сорбция жасау үрдісі арқылы механикалық және органикалық қоспалар жойылады. Содан кейін озондау үдерісі жүреді. Оның барысында су құрамындағы микроағзалар жойылып, суға антиоксиданттық қасиет береді. Соңғы кезеңде ауыр металдар мен ластағыш қалдықтар жойылады. Нәтижесінде тап-таза және қауіпсіз су алынады» дейді Үмбетәлі Сәрсембин.

«Аквакөз» қондырғысы – судың табиғи минералдық құрамын сақтай отырып тазартады. Сүзгі арқылы тазартылған судың денсаулыққа пайдасы да зор.  Сүзгіден өткен судың қышқылды-тотықсыздану потенциалы –130-150 мВ-қа дейін жетеді. Бұл көрсеткіш судың биоактивтілігінің көрінісі. Ал судың pH деңгейі 7,4-ке тең.

Жаңа құрылғыны тұрғын үйлерде және ауылдық елді мекендерде, медициналық мекемелерде, тамақ өнеркәсібінде және төтенше жағдайларда қолдануға болады.

Алматы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 18:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары