Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Коллекцияда жартылай құнды тастар да, сирек кездесетін минералдар да, еліміздің жер қыртысынан хабар берер кен үлгілері де бар.
Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото: Артур Рязаповтың жеке архивіненФото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото:Артур Рязаповтың жеке архивінен— Бұл коллекцияны менің әкем, ботаникалық бақтың негізін қалаушы Равиль Рязапов жинап бастады. Оның қызығушылығы көп еді. Жастайынан өсімдіктерді, көне, соның ішінде, палеонтологиялық жәдігерлерді, тас-минералдарды жинаумен айналысты. Бұл — сол ұзақ жылдар бойғы тынымсыз еңбектің нәтижесі, әлі де үнемі толықтырылып келеді.
Бұл жерден еліміздің пайдалы қазбаларынан бөлек, Есіл өзенінің жағасынан табылған тастар да бар. Жалпы Есіл өзенінің оң жақтағы тік жағалауынан пайдалы қазбаларды жиі табуға болады, бірақ, олардың мөлшері өте аз. Өнеркәсіптік жолмен өндіруге жеткіліксіз. Ол жерде палеоген, неоген және төрттік дәуір шөгінділері бар. Жардың қызарып жатуы осы төрттік дәуір шөгінділеріне байланысты. Әкем осы Ойқала ауданында туып, ержеткендіктен, бала кезінен Есіл бойынан тастарды жинап өсті. Есейе келе әр сапарынан тас-минерал әкелуге тырысатын, — дейді ботаникалық бақтың директоры Артур Рязапов.
Коллекция уақыт өте келе екі мыңға жуық жәдігерге жеткен. Олар тек Қазақстанның әр өңірінен ғана емес, алыс-жақын шетелдерден әкелінген тастар мен минералдарды қамтиды. Ақтау мен Атыраудан келген қонақтар мұнай үлгілерін сыйға тартса, Қорғалжын кенішінен алынған темір кенін баққа келушілердің бірі тарту еткен.
Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото: Артур Рязаповтың жеке архивіненӘке қызығушылығы баласына да беріліп, коллекцияны толықтыруға ол да белсенді ат салыса бастайды.
Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото: Артур Рязаповтың жеке архивіненФото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен— 7-8 жасымда жұдырығымдай болатын жанартау шынысын тапқаным бар. Ол әлі күнге сақталған. Еліміздің батысында кеніш орындарында болып, ерекше тастарды әкелдім. Сондай-ақ бұрын арнайы журнал шығатын. Оның әр санымен бір жәдігер — минералсыйлыққа келетін. Алғашқы тапқан тасым7-8 жасымда қолыма жұдырығымдай жанартау шынысын алуым болды, ол әлі күнге сақталған. Кейін еліміздің батысында кеніш орындарын аралап, ерекше тастар мен минералдарды жинадым. Сондай-ақ бұрын арнайы журнал шығатын. Оның әр санымен бір жәдігер — минерал сыйлыққа келетін, — дейді Артур Рязапов.
Көрмені тамашалаушылардың кейбірі кейін, өз коллекцияларын баққа сыйға берген.
Фото: Артур Рязаповтың жеке архивіненФото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен— Мұнда Петропавл тұрғынының да жинаған минерал-тастары бар. Ол жәдігерлерді саябағында сақтап келген, кейін бұл әдемілікті қала тұрғындары да көруі керек деп ботаникалық баққа тарту етті. Әрі дұрыс сақталмағандықтан, минералдар үгітіле бастаған екен, — дейді ботаникалық бақ директоры.
Бұл коллекцияның ерекшелігі — тек табиғи күйіндегі минералдар емес, одан жасалған бұйымдар да бар: аң-жануар мүсіндері, 19 ғасырда жасалған мәрмәр сиясауыт, ақық пен яшмадан жасалған сәндік бұйымдар, канифоль, мыс кристалдары, кальцит пен кварциттің, яғни тау хрусталінің түрлері, әртүрлі құм үлгілері.
Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен— Қосымша білім беру мекемесі болғандықтан тастар мен минералдар коллекциясы негізінде «Жас геолог» және «Жас эколог» үйірмелері жұмыс істейді. Балалар табиғи материалдарды, минералдарды зерттеп, оларды қалай өндіреді, ерте заманда адамдар оны қалай пайдаланған — осындай қызықты ақпаратты білді.
Мен тас-минералдардың ішінен бөліп алып, мынаны жақсы көремін деп айта алмаймын. Бұл коллекцияны көрерменге ұсыну арқылы олардың пайдасын, қай салада қолданылатынын, қайда кездесетінін жеткізуге тырысамыз. Ағартушылық мақсатта жиналған. Жалпы, тастарды зерттейтін саланы «петрология», ал коллекционерлерді «петрофилдер» деп атайды, — дейді маман.
Халық арасында тастардың ерекше энергиясы бар, кейбірінің тіпті емдік қасиеті бар деген пікір қалыптасқан. Артур Рязапов осыған қатысты өз ойын білдірді.
Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен— Ғалымдар қондырғылармен өлшеп, физикалық тәжірибе жасауға болмайтын нәрсенің барлығын жалған деп есептейді. Әр тастың энергиясы бар дейтіндер оған өздерін сендіреді, яғни психосоматика деуге болады. Қондырғы арқылы таста радиацияның бар-жоғын білуге болады. Сол сияқты кейбір минералдар түнде жарық береді, мәселен, фосфор.
Ал тас-минералдардың емдік қасиеті бар деу, тұздарды қоспағанда, ағаттық, ол ғылыми дәлелденбеген. Мәселен, галит — ас тұзындағы негізгі минерал, Аралда өндіріледі. Сильвинит деген бар, ол тыңайтқыш ретінде қолданылады. Карналлит — калий мен магнийдің шикізаты, оларды сауықтыру үшін тұз шахталарына пайдаланады. Ал бір тасты кешке жастықтың астына қойып жатып, ертең тәуір болып тұру мүмкін емес. Менің жеке ұстанымым: әр тасты өзінің табиғи сұлулығы және ғылыми мәнімен бағалау керек, — дейді Артур Рязапов.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресейде ең үлкен гауһар тастардың бірі табылғанын жазған едік.