Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Су добының үздіктері

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Петропавлдағы ботаникалық бақта тастардың ерекше коллекциясы сақталған

Петропавлдағы ботаникалық бақта тастардың ерекше коллекциясы сақталған

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Коллекцияда жартылай құнды тастар да, сирек кездесетін минералдар да, еліміздің жер қыртысынан хабар берер кен үлгілері де бар.

Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен

— Бұл коллекцияны менің әкем, ботаникалық бақтың негізін қалаушы Равиль Рязапов жинап бастады. Оның қызығушылығы көп еді. Жастайынан өсімдіктерді, көне, соның ішінде, палеонтологиялық жәдігерлерді, тас-минералдарды жинаумен айналысты. Бұл — сол ұзақ жылдар бойғы тынымсыз еңбектің нәтижесі, әлі де үнемі толықтырылып келеді.

Бұл жерден еліміздің пайдалы қазбаларынан бөлек, Есіл өзенінің жағасынан табылған тастар да бар. Жалпы Есіл өзенінің оң жақтағы тік жағалауынан пайдалы қазбаларды жиі табуға болады, бірақ, олардың мөлшері өте аз. Өнеркәсіптік жолмен өндіруге жеткіліксіз. Ол жерде палеоген, неоген және төрттік дәуір шөгінділері бар. Жардың қызарып жатуы осы төрттік дәуір шөгінділеріне байланысты. Әкем осы Ойқала ауданында туып, ержеткендіктен, бала кезінен Есіл бойынан тастарды жинап өсті. Есейе келе әр сапарынан тас-минерал әкелуге тырысатын, — дейді ботаникалық бақтың директоры Артур Рязапов.

Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото:Артур Рязаповтың жеке архивінен

Коллекция уақыт өте келе екі мыңға жуық жәдігерге жеткен. Олар тек Қазақстанның әр өңірінен ғана емес, алыс-жақын шетелдерден әкелінген тастар мен минералдарды қамтиды. Ақтау мен Атыраудан келген қонақтар мұнай үлгілерін сыйға тартса, Қорғалжын кенішінен алынған темір кенін баққа келушілердің бірі тарту еткен.

Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен

Әке қызығушылығы баласына да беріліп, коллекцияны толықтыруға ол да белсенді ат салыса бастайды.

Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен

— 7-8 жасымда жұдырығымдай болатын жанартау шынысын тапқаным бар. Ол әлі күнге сақталған. Еліміздің батысында кеніш орындарында болып, ерекше тастарды әкелдім. Сондай-ақ бұрын арнайы журнал шығатын. Оның әр санымен бір жәдігер — минералсыйлыққа келетін. Алғашқы тапқан тасым7-8 жасымда қолыма жұдырығымдай жанартау шынысын алуым болды, ол әлі күнге сақталған. Кейін еліміздің батысында кеніш орындарын аралап, ерекше тастар мен минералдарды жинадым. Сондай-ақ бұрын арнайы журнал шығатын. Оның әр санымен бір жәдігер — минерал сыйлыққа келетін, — дейді Артур Рязапов.

Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен

Көрмені тамашалаушылардың кейбірі кейін, өз коллекцияларын баққа сыйға берген.

Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен

— Мұнда Петропавл тұрғынының да жинаған минерал-тастары бар. Ол жәдігерлерді саябағында сақтап келген, кейін бұл әдемілікті қала тұрғындары да көруі керек деп ботаникалық баққа тарту етті. Әрі дұрыс сақталмағандықтан, минералдар үгітіле бастаған екен, — дейді ботаникалық бақ директоры.

Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен

Бұл коллекцияның ерекшелігі — тек табиғи күйіндегі минералдар емес, одан жасалған бұйымдар да бар: аң-жануар мүсіндері, 19 ғасырда жасалған мәрмәр сиясауыт, ақық пен яшмадан жасалған сәндік бұйымдар, канифоль, мыс кристалдары, кальцит пен кварциттің, яғни тау хрусталінің түрлері, әртүрлі құм үлгілері.

— Қосымша білім беру мекемесі болғандықтан тастар мен минералдар коллекциясы негізінде «Жас геолог» және «Жас эколог» үйірмелері жұмыс істейді. Балалар табиғи материалдарды, минералдарды зерттеп, оларды қалай өндіреді, ерте заманда адамдар оны қалай пайдаланған — осындай қызықты ақпаратты білді.

Мен тас-минералдардың ішінен бөліп алып, мынаны жақсы көремін деп айта алмаймын. Бұл коллекцияны көрерменге ұсыну арқылы олардың пайдасын, қай салада қолданылатынын, қайда кездесетінін жеткізуге тырысамыз. Ағартушылық мақсатта жиналған. Жалпы, тастарды зерттейтін саланы «петрология», ал коллекционерлерді «петрофилдер» деп атайды, — дейді маман.

Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен

Халық арасында тастардың ерекше энергиясы бар, кейбірінің тіпті емдік қасиеті бар деген пікір қалыптасқан. Артур Рязапов осыған қатысты өз ойын білдірді.

Фото: Артур Рязаповтың жеке архивінен

— Ғалымдар қондырғылармен өлшеп, физикалық тәжірибе жасауға болмайтын нәрсенің барлығын жалған деп есептейді. Әр тастың энергиясы бар дейтіндер оған өздерін сендіреді, яғни психосоматика деуге болады. Қондырғы арқылы таста радиацияның бар-жоғын білуге болады. Сол сияқты кейбір минералдар түнде жарық береді, мәселен, фосфор.

Ал тас-минералдардың емдік қасиеті бар деу, тұздарды қоспағанда, ағаттық, ол ғылыми дәлелденбеген. Мәселен, галит — ас тұзындағы негізгі минерал, Аралда өндіріледі. Сильвинит деген бар, ол тыңайтқыш ретінде қолданылады. Карналлит — калий мен магнийдің шикізаты, оларды сауықтыру үшін тұз шахталарына пайдаланады. Ал бір тасты кешке жастықтың астына қойып жатып, ертең тәуір болып тұру мүмкін емес. Менің жеке ұстанымым: әр тасты өзінің табиғи сұлулығы және ғылыми мәнімен бағалау керек, — дейді Артур Рязапов.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресейде ең үлкен гауһар тастардың бірі табылғанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 18:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see116

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see116

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see116

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see115

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see115

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see115

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see114

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see114

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see113

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see112

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see112

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see111

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see111

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see110

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see110

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see110

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see109

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see109

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see109

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары