Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Оралда ботаникалық бақ салынып жатыр

Оралда ботаникалық бақ салынып жатыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Алма мен жүзімнің жүздеген түрін өсіріп, жергілікті жерге бейімдеген оралдық бағбан тағы бір тың жобаны қолға алды. Қазіргі таңда қалада ботаникалық бақтың құрылысы жүріп жатыр. Бұл жерде болашақта тұрғындар тынығып, жасыл желектің небір түрін тамашалай алады. 

Ерденбек Жылқайдарұлы, тілші:

- Орал қаласындағы ботаникалық бақтың құрылысы былтыр басталды. Жалпы аумағы 13 гектар жер қоршалып, бүгінде визит орталығы мен жылыжайдың құрылысы жүріп жатыр. Ішкі абаттандыру жұмыстары да қоса атқарылуда. Бақтың негізгі байлығы ағаш десек, болашақта мұнда 10 мың түп ағаш егу жоспарланған.

Қайрат Кәрімовтың бастамасын қолдаған қала әкімдігі жер телімін 49 жылға жалға беріп, коммуналдық желілерін тартып берген. Болашақта мұнда ғылыми конференциялар, семинарлар өткізілмек. Әрі кез келген адам қалаған уақытында серуендеп, тыныға алады. Ботаникалық баққа негізінен сирек кездесетін ағаштар егіліп жатыр.

Қайрат Кәрімов, бағбан:

- Ағаштар түр-түрімен егіледі. Мәселен бір секторға қылқан жапырақты ағаш егілсе, одан кейін сүмбіл теректер бөлек болады. Одан әрі шетен және үйеңкі орналасады. Осы жерде жас табиғат жанашырлары, студенттер мен ғалымдар келіп, ғылыми жобаларын жазады деп сенемін. Әлемнің әр құрлығынан көшеттер алдыртамыз. Ботаникалық бақты келер жылдың көктемінде пайдалануға береміз. 

Қайрат Кәрімовтың есімі тек Жайық жұртшылығына емес, республикаға жақсы таныс. Зайыбы Роза екеуі бұдан бұрын алма және жүзім ағаштарын екті. Әйгілі селекционер Исаев атындағы халықаралық тәлімбақта жемістің түрлі сұрыптарын сынақтан өткізді. Батыстың аптап ыстығы мен аязына бейімделген, жоғары өнім беретін сұрыптарды іріктеді. Енді бар күш-жігерін ботаникалық баққа аударған. 

Роза Өмірзақова, ғалым-бағбан:

- Бақтың ең бағалы ағашы мамыргүл деп ойлаймыз. Ол түсіне қарай жалпы жеті топқа бөлінеді. Қайрат екеуіміз мәскеулік ғалым Татьяна Полякованың көмегімен бір жарым ай отырып, әлемдегі ең үздік селекционерлердің сұрыптарын іріктедік. Топтамаға 200 түрін алдық. Сонымен қатар қайың мен жөкенің, емен мен үйеңкінің, сәндік бұталардың үлкен коллекциясы болады. Және кіреберісте ағылшын және парсы раушандары келушілерді қарсы алмақ. 

Ботаникалық бақтың ортасында жасанды тоған орналасқан. Өсімдіктерді суару жүйесі осы жерден нәр алмақ. Жоба қалталы азаматтардың жеке қаржысына жүзеге асып жатыр. 

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Қ. Ақрап, Э. Аюпов

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары