Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Май зауыты салынып жатыр

Май зауыты салынып жатыр

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ертіс-Баян өңірі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ісіне сырттан инвесторларды тартуды жалғастырып жатыр. Жақын уақытта мұнда май экстракциясы зауытының құрылысы аяқталып, жылына 90 мың тонна шикізатты өңдеу көзделіп отыр.

Суретті түсірген – Есенжол Исабек

Павлодар ауданы ежелден агрокешендегі жетістіктерімен та­нымал. Ауданның егіс алқабы биыл 123 мың гектардан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 мың гектарға артық. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру аясында күнбағыс, арпа, қара­құмық және картоп алқаптары едәуір ұлғайтылды. Қазір ди­қандар 30 мың тоннаға жуық астық пен 130 мың тоннадан астам картоп жинап үлгерді. Негізі суармалы егіншілікті дамыту бойын­ша аталған аумақ облыстағы көшбасшы аудан болып саналады. Тек биыл жаңадан 936 гектар суар­­малы егіс алқабы іске қосылды. Жақын болашақта суармалы егіс алқабы 18 мың гектарға жеткізілуге тиіс. Бұл өнімділікті арттыру және егіс алқаптарын кеңейту үшін берік негіз болатынына сөз жоқ.

Кейінгі уақытта бұл өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге мән беріле бас­тады. Мәселен, Кемеңгер ауылында «jielong holdings» компаниясы қуаттылығы жылына 90 мың тонна шикізатты құрайтын май экстракциясы зауытының құрылысын жүргізіп жатыр. Инвестиция көлемі 4 миллиард теңгені құрайды, ал кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 80 жаңа жұмыс орны құрылады. Компания директоры Ки Ки ханым жобаның барлық кезеңдерінде облыс әкімдігінен қажетті қолдау алып жатқанын атап өтті.

– Құрылыс кезеңінде біз сыртқы коммуникацияларды жүргізу мәселелерінде көмекті сезіндік. Біз барлық жұмысты аяқтап, келесі жылы өндірісті іске қосуды жоспарлап отырмыз. Облыс басшылығына біздің бастамамызға қолұшын созып, назар аударғаны үшін алғысымды білдіргім келеді, – дейді ол.

Жылына 60 мың тонна ши­кізатты қайта өңдейтін әрі 30 мың тоннаға дейін дайы­н өнім шығаратын тағы бір ма­ңызды жобаны «Кемеңгер Май» компаниясы іске асырып отыр. Кәсіпорынға салынатын инвестицияның көлемі  – 2 млрд теңге көлемінде, 25 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Аталған компания бас­шысы Ибрагим Халяпов аймақ­тың дамуын жылдар бойы бақылағаннан кейін Шығыс Қазақ­стан өңірінен осында көшіп келуге шешім қабыл­дағанын жеткізді.

– Біз жиырма жылдан астам уақыт Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істедік. Павлодар облысының қалай дамып жат­қанын әрдайым мұқият қадағалап, оң өзгерістерді көріп, қолайлы инвестициялық ахуалды сезіндім. Сондықтан отбасымызбен бірге көшіп келіп, өндіріс ашуға шешім қабылдадық. Бүгін бұл қадамның дұрыс болғанына көзім жетіп отыр. Аймақ билігі диалогке ашық, бизнесті қолдайды әрі өркендеуіміз үшін ауадай қажет барлық жағдайды жасауға ынталы. Осындай атмосферада жұмыс істеп, жаңа жобаларды іске қоссам, болашаққа инвестиция салсам деймін. Ертіс бойы – бұл мүмкіндіктер аймағы ғана емес, сонымен қатар өмір сүру мен жос­пар құру үшін жайлы өлке, – деп атап өтті инвестор.

Атап өтерлігі, Павлодар ауда­ны картобымен де танымал. Мұндағы диқандар кейінгі уақытта қытырлақ (chips) өн­ді­рісіне арналған картоп өсі­руге де маманданған. Мысалы, «Агросоюз» фермерлік шаруашылығы өз өнімін халық­аралық «PepsiCo» компаниясына өткізеді. Бұл жергілікті фермерлерге жаңа нарықтарды бағын­дыруға және оларды жаһандық өндіріс тізбектеріне біріктіруге себепкер. Сондай-ақ мұнда жи­налған өнімді сақтаудың заманауи инфрақұрылымы құрыл­ған. Сыйымдылығы 15 мың тон­на көкөніс қоймасы өнімді сақтауға, оның үздіксіз жет­кізілуін қамтамасыз етуге мүм­кіндік береді. Болашақта аумақта қытырлақ өндірісін жолға қоюға ынталы инвесторлар болса, облыс билігі қолдауға дайын екендерін білдіріп отыр. Инвестиция тарту, экспортқа бағдарлау – өңірдің стратегиялық басымдығы. Жаңа кәсіпорындар ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жаңа өнімдер шығарып, кірісті арттырады әрі облыс экономикасын нығайтады.

Павлодар облысы,

Павлодар ауданы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 10:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары