Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Бажайлап қарасаң, айналадағы шашылып жататын полиэтилен пакет пен пластик құтылар қарадай құтыңды қашыратын болды. Жыл сайын Жер шарында миллиондаған тонна пластик қалдық жиналып, флора мен фаунаның табиғи тепе-теңдігін бұзып, тіршілікке тікелей қауіп төндіріп отыр. Біреулері оны өртеп, кейбірі көміп әлек. Алайда оны енді өндірістік кәдеге жаратып, «жасыл» экономикаға жұмсауға болатын тәрізді.
Иә, табиғатта жүздеген жылға дейін ыдырамайтын пластик қалдықтары жер беті былай тұрсын, теңіздер мен мұхиттарға жетіп, су жәндіктерінің қырылуына әкеліп соқты. Уақыт өте келе бұл зиян бүкіл экожүйеге таралып, адамзаттың өзіне де кері әсерін тигізе бастады. Ал аядай Аягөздегі мектеп оқушысы Аружан оны кәдеге жаратып, нақты өндірістікке айналдыруға болатынын дәлелдеп отыр. Дәлірек айтқанда, Аягөз қаласындағы №10 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аружан Қабдұлмаратова бірнеше жылдық ізденісінің нәтижесінде пластик қалдықтарды қайта өңдеп, жол жабынын дайындаудың тиімді тәсілін ұсынды. Оның зерттеу жұмысы жай ғана мектеп жобасы деңгейінде қалмай, нақты өндірістік шешім ретінде қарастыруға лайық екенін көрсетті.
Жас зерттеуші бұл бағытқа 7-сыныптан бастап бет бұрғанын айтады. Алғашқы тәжірибе тұрмыстық пластиктің қасиеттерін зерделеуден басталса, кейін оны құрылыс материалы ретінде қолданудың жолдарын іздеуге көшкен. Нәтижесінде, пластик қалдықтарын арнайы өңдеп, асфальт құрамына енгізудің өзіндік тәсілін қалыптастырған.
«Бұл әдістің басты артықшылығы – жол жабынының беріктігін арттыру. Мамандар мұндай технологиямен төселген жолдардың қызмет ету мерзімі орта есеппен 12-18 жылға дейін жететінін, ал сапалы нұсқалары 20-25 жылға дейін шыдайтынын алға тартады. Бұған қоса, шығын көлемі дәстүрлі асфальтпен салыстырғанда әлдеқайда төмен», дейді өнертапқыш.
Жобаның тағы бір қыры – жол сапасын бақылауды автоматтандыруға ұмтылыс. А.Қабдұлмаратова келесі кезеңде автономды роботтар жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Оның түсіндіруінше, «А» роботы жолдағы ақауларды анықтайды, ал «В» роботы сол олқылықтарды жедел қалпына келтіреді. Бұл тәсіл жөндеу уақытын қысқартып, қаржы шығынын азайтады.
Бұл бастама тек техникалық жаңалық деуіміз ағаттау болар. Аружанның айтар ойында экология мен өндірісті ұштастыруға деген нақты талпыныс жатқан тәрізді. Пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаға түсетін салмақ азаяды, ал жол құрылысы жаңа сапалық деңгейге көтерілмек.
Мұндай жаңалық жаһан жұртшылығында да аздап кездесетінін байқаймыз. Бүгінгі ғылыми технологиялық «жасылдандыру» жаңалықтарына қарағанда, Үндістан бұл технологияны ептеп енгізіп, ондаған мың шақырым жолға пластик қосып үлгерген көрінеді. Деректерге сәйкес, бір шақырым жолға шамамен бір тонна қалдық жұмсалады екен. Ал Ұлыбритания мен Нидерланд елі бұл тәсілді тәжірибелік және инновациялық деңгейде сынап, бірі асфальт құрамын күшейтсе, екіншісі толық пластик панельдерден жол жасаудың балама моделін қолданып отыр. Сонымен қатар бұл бағыт Гана, Эфиопия, АҚШ секілді елдерде де қанатқақты жобалар арқылы сыналып жатқан сыңайлы.
Абай облысы,
Аягөз қаласы
Соңғы жаңалықтар
Қор нарығында доллар арзандады
Қаржы • Бүгін, 09:28
Көктемгі дала жұмысы қарқын алды
Шаруашылық • Бүгін, 09:10
Ауыл • Бүгін, 09:05
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00
Кәсіпкер • Бүгін, 08:58
Digital • Бүгін, 08:55
Білім • Бүгін, 08:53
Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп
Білім • Бүгін, 08:50
Пластик қалдығы пайдаға жарады
Аймақтар • Бүгін, 08:48
Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі
Медицина • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Театр • Бүгін, 08:40
Руханият • Бүгін, 08:38
Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ
Медицина • Бүгін, 08:35
«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»
Руханият • Бүгін, 08:32