Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бажайлап қарасаң, айналадағы шашылып жататын полиэтилен пакет пен пластик құтылар қарадай құтыңды қашыратын болды. Жыл сайын Жер шарында миллиондаған тонна пластик қалдық жиналып, флора мен фаунаның табиғи тепе-теңдігін бұзып, тіршілікке тікелей қауіп төндіріп отыр. Біреулері оны өртеп, кейбірі көміп әлек. Алайда оны енді өндірістік кәдеге жаратып, «жасыл» экономикаға жұмсауға болатын тәрізді.

Иә, табиғатта жүздеген жылға дейін ыдырамайтын пластик қалдықтары жер беті былай тұрсын, теңіздер мен мұхиттарға жетіп, су жәндіктерінің қырылуына әкеліп соқты. Уақыт өте келе бұл зиян бүкіл экожүйеге таралып, адамзаттың өзіне де кері әсерін тигізе бастады. Ал аядай Аягөздегі мектеп оқушысы Аружан оны кәдеге жаратып, нақты өндірістікке айналдыруға болатынын дәлелдеп отыр. Дәлірек айтқанда, Аягөз қаласындағы №10 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аружан Қабдұлмаратова бірнеше жылдық ізденісінің нәтижесінде пластик қалдықтарды қайта өңдеп, жол жабынын дайындаудың тиімді тәсілін ұсынды. Оның зерттеу жұмысы жай ғана мектеп жобасы деңгейінде қалмай, нақты өндірістік шешім ретінде қарастыруға лайық екенін көрсетті.

Жас зерттеуші бұл бағытқа 7-сыныптан бастап бет бұрғанын айтады. Алғашқы тәжірибе тұрмыстық пластиктің қасиеттерін зерделеуден бас­талса, кейін оны құрылыс материалы ретінде қолданудың жолдарын іздеуге көшкен. Нәтижесінде, пластик қалдықтарын арнайы өңдеп, асфальт құрамына енгізудің өзіндік тәсілін қалыптастырған.

«Бұл әдістің басты артықшылығы – жол жабынының беріктігін арттыру. Мамандар мұндай технологиямен төселген жолдардың қызмет ету мерзімі орта есеппен 12-18 жылға дейін жететінін, ал сапалы нұсқалары 20-25 жылға дейін шыдайтынын алға тартады. Бұған қоса, шығын көлемі дәстүрлі асфальтпен салыстырғанда әлдеқайда төмен», дейді өнертапқыш.

Жобаның тағы бір қыры – жол сапасын бақылауды автоматтандыруға ұмтылыс. А.Қабдұлмаратова келесі кезеңде автономды роботтар жүйесін енгізуді жос­парлап отыр. Оның түсіндіруінше, «А» роботы жолдағы ақауларды анықтайды, ал «В» роботы сол олқылықтарды жедел қалпына келтіреді. Бұл тәсіл жөндеу уақытын қысқартып, қаржы шығынын азайтады.

Бұл бастама тек техникалық жаңалық деуіміз ағаттау болар. Аружанның айтар ойында экология мен өндірісті ұштастыруға деген нақты талпыныс жатқан тәрізді. Пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаға түсетін салмақ азаяды, ал жол құрылысы жаңа сапалық деңгейге көтерілмек.

Мұндай жаңалық жаһан жұртшы­лығында да аздап кездесетінін байқаймыз. Бүгінгі ғылыми технологиялық «жасылдандыру» жаңалықтарына қарағанда, Үндістан бұл технологияны ептеп енгізіп, ондаған мың шақырым жолға пластик қосып үлгерген көрінеді. Деректерге сәйкес, бір шақырым жолға шамамен бір тонна қалдық жұмсалады екен. Ал Ұлыбритания мен Нидерланд елі бұл тәсілді тәжірибелік және инновациялық деңгейде сынап,  бірі асфальт құрамын күшейтсе, екіншісі толық пластик панельдерден жол жасаудың балама моделін қолданып отыр. Сонымен қатар бұл бағыт Гана, Эфиопия, АҚШ секілді елдерде де қанатқақты жобалар арқылы сыналып жатқан сыңайлы.

Абай облысы,

Аягөз қаласы

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 09:28

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп

Білім • Бүгін, 08:50

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ

Медицина • Бүгін, 08:35

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 09:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары