Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстандық журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Астана Полиция департаменті растады.
Қазақстандық журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Астана Полиция департаменті растады.
Полиция мәліметінше, Ботагөз Омарова үйқамақтан босатылған.
"Астана Полиция департаменті Б. Омароваға қатысты қылмыстық істі тараптардың татуласуына байланысты ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатты. Бұлтартпау шарасының күші жойылды. Процессуалдық шешімді прокурор бекітті", - деп түсініктеме берді Астана Полиция департаменті.
Күні кеше Омарова өзінің Telegram-арнасында жазба жариялап, онда көрінеу жалған мәлімет таратқанын растап, кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Журналист өз аудиториясынан және жарияланымдарымен жаңылыстыруы мүмкін болған тұлғалардан кешірім сұрады.
Мән-жайыНаурызда астаналық журналист Ботагөз Омарова көрінеу жалған ақпарат тарату ісі (Қылмыстық кодекстің 274-бабы) бойынша үйқамаққа алынған болатын. Оған қатысты қылмыстық іс қозғауға нақты қандай материал негіз болғаны ресми түрде хабарланбады.
Қазақстандық журналистер Ботагөз Омарованы қорғап шығып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа істі жеке бақылауына алу туралы өтінішпен үндеу жасады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу