Полиция журналист Ботагөз Омароваға қатысты істі жапты
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстандық журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Астана Полиция департаменті растады.
Қазақстандық журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Астана Полиция департаменті растады.
Полиция мәліметінше, Ботагөз Омарова үйқамақтан босатылған.
"Астана Полиция департаменті Б. Омароваға қатысты қылмыстық істі тараптардың татуласуына байланысты ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатты. Бұлтартпау шарасының күші жойылды. Процессуалдық шешімді прокурор бекітті", - деп түсініктеме берді Астана Полиция департаменті.
Күні кеше Омарова өзінің Telegram-арнасында жазба жариялап, онда көрінеу жалған мәлімет таратқанын растап, кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Журналист өз аудиториясынан және жарияланымдарымен жаңылыстыруы мүмкін болған тұлғалардан кешірім сұрады.
Наурызда астаналық журналист Ботагөз Омарова көрінеу жалған ақпарат тарату ісі (Қылмыстық кодекстің 274-бабы) бойынша үйқамаққа алынған болатын. Оған қатысты қылмыстық іс қозғауға нақты қандай материал негіз болғаны ресми түрде хабарланбады.
Қазақстандық журналистер Ботагөз Омарованы қорғап шығып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа істі жеке бақылауына алу туралы өтінішпен үндеу жасады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:18
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Мамыр 2026 16:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















