Президент фастфудтың агрессивті жарнамасы мәселесін шешуді тапсырды

26.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды фаст-фудтың агрессивті жарнамасынан қорғауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Астанада өткен педагогтердің тамыз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Үкіметке фаст-фудтың агрессивті жарнамасына қатысты проблеманы мұқият зерделеуді тапсырды.

"Тағы бір мәселе. Фаст-фудтың агрессивті жарнамасы қаптап кетті. Тез ішіп-желінетін тағам зиянды әдет қалыптастырады, денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіреді, еліміздің еңбек күші әлеуетіне теріс әсер етеді. Дәрігерлердің бақылауында қант диабетіне шалдыққан 7 мыңға жуық бала бар. Олардың саны көбеймесе, азайып жатқан жоқ. Көптеген ел құрамында май, қант және тұз мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасына тыйым салады немесе шектеу қояды", - деді Тоқаев,

Президенттің айтуынша, бұл өте күрделі мәселе. Түрлі шетін тұстары, пікірталастарға негіз болған медициналық, тіпті саяси астары бар.

"Дегенмен Үкімет, ең алдымен, балаларымыздың саулығын ойлап, аталған проблеманың ұңғыл-шұңғылын мұқият зерделеуі керек", - деді Президент.

Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тіркелугетыйым салу туралы пікір білдірді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью