Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде жеңімпаз атанды

27.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

17-21 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математика бағыты бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің ең үздік оқушылары бас қосқан білім додасында Алматы облысының намысын қорғаған «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Нұржан Өтешқалиев жүлделі 2-орынға ие болды. Бұл жоғары нәтиже – оқушының алғырлығы мен жүйелі еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының қажырлы дайындығының жемісі.

Білім басқармасы Нұржан Өтешқалиевті арнайы құттықтап, жас дарынның алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Алматы облысының білімді жастарының мұндай жетістіктері – өскелең ұрпақтың еліміздің ғылым әлемінің болашағына лайықты үлес қосуға дайын екенін дәлелдейтін жарқын көрсеткіш.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью