Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Кремль.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады.
Тараптар Владимир Путиннің Астанаға алдағы мемлекеттік сапарына және онда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындыққа қатысты ағымдағы мәселелерді талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 81 жылдығын мерекелеуге байланысты Мәскеуде болған кезінде көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс білдіргені айтылды.
Бұған дейін Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.