Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Ресей мен Қазақстан бірлесіп уран өндіруді жалғастырады, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин РИА Новости агенттігіне.
"Біз бірге уран өндіріп жатырмыз. Мен айтқанымдай, біз мұны жалғастыра береміз", - деді Путин Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПХЭФ) журналистермен кездесу кезінде.
Ол сондай-ақ Ресейдің Қазақстанмен қарым-қатынасы өте сәтті дамып, өсіп келе жатқанын мәлімдеді.
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 3-6 маусым аралығында өтеді. РИА Новости форумның бас медиа серіктесі болып табылады.