Путинмен кездескен соң бірден қоңырау шалды: Назарбаев Өзбекстан президентіне не айтты?

30.12.2025

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің жазуынша, телефон әңгімесі барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған. Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынастың қазіргі таңда жоғары деңгейге көтерілгені атап өтілді.

Әңгіме барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік, тату көршілік және одақтастық байланыстардың берік орныққанына ерекше назар аударылған. Сондай-ақ барлық негізгі бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін, бір күн бұрын, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Мәскеудегі Кремльде кездесу өткізген болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью