Қабылдады деген сөз емес: Әлімханұлының менеджері допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады |…
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Берік Сұлтан Жәнібек Әлімханұлының тәжірибелі, адал және керемет боксшы, адам екенін және өмірінде допинг қабылдау туралы ешқашан ойламағанын айтты.
– В сынамасынан да сол зат шыққан екен. Өкінішті, әрине. Бірақ басқаша болу мүмкіндігі төмен еді.
Ендігі қадам не болады, соны күтіп отырмыз. Біздің мамандар айналысып жатыр. Қайдан ағзаға кіруі мүмкін деген сұрақ көтеріліп жатыр.
Өйткені Жәнібек тыйым салынған зат қолданбаған. Ақырын күтейік, - деді Берік Сұлтан.
Оның айтуынша, қазір бұл мәселемен сарапшылар айналысып жатыр. Спортшының менеджері бұған ешкімді кінәлай алмайтынын атап өтті.
– Әлеуметтік желі түрлі ақпарат таралып, жанкүйерлерді шатастырып жатыр.
Жәнібек 4 жылға кәсіпқой бокстан шеттетілді, екі титулынан айырыпты деген ақпарат көріп қалдым.
Читать полностью
Читать новость