Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қабылдады деген сөз емес: Әлімханұлының менеджері допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Қабылдады деген сөз емес: Әлімханұлының менеджері допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Берік Сұлтан Жәнібек Әлімханұлының тәжірибелі, адал және керемет боксшы, адам екенін және өмірінде допинг қабылдау туралы ешқашан ойламағанын айтты.

– В сынамасынан да сол зат шыққан екен. Өкінішті, әрине. Бірақ басқаша болу мүмкіндігі төмен еді. Ендігі қадам не болады, соны күтіп отырмыз. Біздің мамандар айналысып жатыр. Қайдан ағзаға кіруі мүмкін деген сұрақ көтеріліп жатыр. Өйткені Жәнібек тыйым салынған зат қолданбаған. Ақырын күтейік, - деді Берік Сұлтан.

Оның айтуынша, қазір бұл мәселемен сарапшылар айналысып жатыр. Спортшының менеджері бұған ешкімді кінәлай алмайтынын атап өтті.

– Әлеуметтік желі түрлі ақпарат таралып, жанкүйерлерді шатастырып жатыр. Жәнібек 4 жылға кәсіпқой бокстан шеттетілді, екі титулынан айырыпты деген ақпарат көріп қалдым. Өкінішке қарай, А сынамасынан да, В сынамасынан да тыйым салынған зат шықты. Бұл Жәнібек допинг қабылдады деген сөз емес. Жәнібек ешқашан допинг қабылдамаған. Ол – кәсіби спортшы. Жеті жылдан бері түрлі сынақтан аман өткен, мұндай зат шықпаған. Жәнібектің ағзасынан шығып отырғанын зертхана анықтағаны рас. Ол ағзаға қалай түсті, не арқылы түсті, сол зерттеліп жатыр. Ешкімді кінәлаудан аулақпыз. Көзбен көріп, қолмен ұстамағаннан кейін біреуді айыптағымыз келмейді. Ең бастысы, ар алдында тазамыз. Жәнібек ақ! Ешқандай тыйым салынған зат қолданбайды. Бокстағы допинг дауы бойынша мамандар айналысып жатыр. Промоутер, менеджер мен заңгерлер жұмыс істеп жатыр. Жәнібек те, мен де ештеңе жасай алмаймыз. Біздікі тек күту. Барынша аз уақытқа шеттетілу бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Қайғырып отыра бергеннен ештеңе шешілмейді. Бұдан да өтеміз, - деді Берік Сұлтан.

Ол сонымен қатар ресми шешім қабылданғаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы барлық сұраққа жауап беретінін мәлімдеді.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков алғаш рет Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасының қорытындысын жариялап, тыңдау туралы егжей-тегжейлі айтып берген еді.

Жәнібек Әлімханұлының «В» сынамасы допинг барын растағанын жеткізді.

Еске салайық, 2025 жылдың 6 желтоқсанына жоспарланған WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш титул үшін өтетін жекпе-жекке үш күн қалғанда қазақстандық чемпионның сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты табылғаны жарияланды. Сөйтіп Жәнібектің ең маңызды жекпе-жегі тоқтатылды.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты ісі 23 қаңтарда қайта қаралатынын жазған болатынбыз.

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына қатысты пікір білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 20:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары