Қайта өңдеуге бағытталған қалдық көлемі 43,96 мың тонна

04.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды тиімді пайдалану бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Осы мақсатта эко мәдениетті қалыптастырып және кәсіпкерлерді қолдау үшін, «EcoQolday» бағдарламасы қайта іске қосылды. 

Бұл – автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Ол жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге де, өз бизнесін қаптама және автокомпонент қалдықтарын жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бағытында бастағысы келетіндерге де цифрлық платформаны ұсынады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қалдықтарды басқару саласындағы бизнес бастамаларды қолдау және осы процестерді жеңілдету. Жоба қайта іске қосылуынан бері тұрақты өсім байқалады. 2024 жылы 11,07 мың тонна қалдық қайта өңделсе, 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында бұл көрсеткіш 32,89 мың тоннаға жетті. Жалпы қайта өңдеуге бағытталған қалдық көлемі 43,96 мың тоннаны құрады. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда шамамен үш есе көп.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью