Қайта өңдеуге бағытталған қалдық көлемі 43,96 мың тонна
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды тиімді пайдалану бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Осы мақсатта эко мәдениетті қалыптастырып және кәсіпкерлерді қолдау үшін, «EcoQolday» бағдарламасы қайта іске қосылды.
Бұл – автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Ол жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге де, өз бизнесін қаптама және автокомпонент қалдықтарын жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бағытында бастағысы келетіндерге де цифрлық платформаны ұсынады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қалдықтарды басқару саласындағы бизнес бастамаларды қолдау және осы процестерді жеңілдету. Жоба қайта іске қосылуынан бері тұрақты өсім байқалады. 2024 жылы 11,07 мың тонна қалдық қайта өңделсе, 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында бұл көрсеткіш 32,89 мың тоннаға жетті. Жалпы қайта өңдеуге бағытталған қалдық көлемі 43,96 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен үш есе көп.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:42
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 17:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















