Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Кәсіптің кілті гаражда

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

Fast fashion индустриясы & киімді қайта өңдеуге қауқарымыз қандай

Fast fashion индустриясы & киімді қайта өңдеуге қауқарымыз қандай

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

92 миллион тоннадан астам киім қоқысқа кетеді

БҰҰ-ның бағалауынша, әлемде жыл сайын 92 миллион тоннадан астам киім қоқысқа тасталады. Соның небәрі 12 пайызы ғана қайта өңделеді.

Инфографика: Kazinform

Бұл – жалаң статистика емес, соңғы онжылдықтарда ушығып бара жатқан жаһандық дағдарыстың көрінісі. 2000-2015 жылдар аралығында киім өндірісі екі есе артса, оны пайдалану ұзақтығы 36 пайызға қысқарған.

Бұл өзгерістің түп-төркіні тұтыну моделінің трансформациясымен тікелей байланысты. Соңғы жылдары fast fashion индустриясы қарқынды дамып, нарыққа арзан әрі үнемі жаңарып отыратын киімдердің үздіксіз ағымын әкелді. Әсіресе электрондық сауда платформалары үрдісті күшейтіп, киімді ұзақ мерзімге арналған бұйымнан гөрі қысқа циклді тауарға айналдырды. Соның салдарынан текстиль қалдықтарының көлемі жыл сайын ұлғайып келеді, ал оларды басқару жүйесі қарқынға ілесе алмай отыр.

Дегенмен, мәселе тек артық тұтынумен шектелмейді. Қалыптасқан қайта өңдеу жүйесінің өзі қаншалықты тиімді деген сұрақ та күн тәртібінен түспей отыр. Яғни, жиналған киімдердің шынымен қайта өңделетініне кепіл жоқ. Бұл күмәнді түрлі зерттеулер нақтылай түседі.

Мәселен, Швецияның SVT телеарнасы жүргізген тәжірибеде журналистер киімдерге жасырын GPS-трекерлер орнатып, олардың кейінгі қозғалысын бақылаған. Нәтижесінде тапсырылған киімдердің басым бөлігі Кения, Гана, Танзания сияқты елдерге жөнелтіліп, ақыр соңында полигондарға түсетіні анықталған. Бұл дерек дамыған елдердегі артық тұтынудың салдары іс жүзінде басқа өңірлерге ығыстырылып жатқанын көрсетеді.

Осыған ұқсас тәжірибелер Бразилияда, Сингапурда және Финляндияда да жүргізіліп, нәтижесі өзгермеген. Ресми түрде қайта өңдеуге немесе қайырымдылыққа жіберілген киімдердің едәуір бөлігі не қысқа уақытқа ғана екінші нарықта айналымға түседі, не ақырында қарапайым қоқыспен бірге көміледі. Мұның бір себебі – текстиль өнімдерінің күрделі құрамы. Мысалы, полиэстер мен мақта қоспасынан жасалған маталарды толыққанды қайта өңдеу қиын. Сондықтан көптеген компаниялар үшін мұндай қалдықтарды жою экономикалық тұрғыдан анағұрлым тиімді шешімге айналып отыр.

Осылайша, мәселе бір ғана кезеңмен шектелмейтін тұтас тізбекке айналады. Қайта өңдеу мүмкіндігі шектеулі, ал полигондар шамадан тыс толып жатқан жағдайда, қалдықтарды басқарудың келесі кезеңі ретінде оларды жою тәсілдерін таңдау қажеттілігі туындайды.

Сол баламалардың бірі – киім қалдықтарын өртеу. Бұл әдіс қоғамда даулы пікір тудырғанымен, бірқатар елдерде энергияға айналдырудың тетігі ретінде қарастырыла бастады.

Киім өртеудің экологиялық салдары ауыр

Еурокомиссия дерегіне сәйкес, Еуроодақта киімдердің шамамен 10 пайызы өртеледі. Соның салдарынан жыл сайын атмосфераға 5,6 миллион тонна көмірқышқыл газы бөлінеді. Яғни, қалдықты жоюдың өзі экологиялық қысымды күшейтетін факторға айналып отыр.

Фото: freepik.com

Қайшылықтардың жинақталуы Еуропада нақты шешім қабылдауға алып келді. Нәтижесінде Еуроодақ сатылмаған киімді жоюға тыйым салды. Ірі компаниялар бұл талапты қазірден бастап орындауы тиіс, ал қалғандары 2030 жылға дейін толық көшуі керек. Бұл шешім бизнестің жауапкершілігін кеңейтті.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадамдар кездейсоқ емес, керісінше, бұрыннан қалыптасқан жүйелі саясаттың жалғасы. Еуропада текстиль қалдықтарын басқару моделі кезең-кезеңімен енгізіліп келеді.

– Өткен жылдан бастап текстильді бөлек жинау міндеттелді. Өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі жүйесі жұмыс істейді. H&M, Zara сияқты брендтер экологиялық алым төлейді, бұл қаражат жинау мен қайта өңдеуге жұмсалады. Экодизайн талаптары енгізілген, яғни киім қайта өңдеуге жарамды болуы тиіс. Нақты мақсаттар стратегиялық құжаттарда бекітілген. Көптеген елде текстильдің 50-60 пайызы қайта пайдалануға жіберіледі. Second-hand нарығы мен жөндеу қызметтері дамыған. Ресей де осы бағытта ілгеріледі, – дейді экобелсенді, Qazaq Expert Club сарапшысы Нұржамал Иминова.

Фото: Нұржамал Иминованың жеке мұрағатынан Қазақстан қалыс келе жатыр

Қазақстанда бұл бағытта толыққанды, тұрақты жүйе қалыптасты деу әзірге ерте. Соған қарамастан мәселе күн тәртібіне шығып, алғашқы қадамдар жасала бастады. Соның бірі – Экология министрлігі әзірлеп жатқан қалдықтарды басқарудың жаңа ұлттық стратегиясы. Құжаттың негізгі мақсаты – қалдықтарды бөлек жинау үлесін арттырып, қайта өңдеу ауқымын кеңейту арқылы жүйені кезең-кезеңімен қалыптастыру.

– Еліміздің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында сұрыптау мен қайта өңдеу үлесін арттырукөзделген, – делінген министрлік ақпаратында.

Алайда мәселенің нақты ауқымын бағалау оңай емес. Себебі ресми статистика полигондардағы текстиль қалдықтарының үлесін жеке көрсетпейді. Нәтижесінде бұл проблема көзге бірден байқалмайтын, бірақ көлемі тұрақты түрде өсіп жатқан құбылыс ретінде қалып отыр. Бұл жағдай саланың әлі де қалыптасу кезеңінде екенін аңғартады.

Коллаж: Kazinform/ nano banana, freepik

– Елімізде ескі киімдерді жинау мен қайта өңдеу әлі бастапқы кезеңде. Бұл бағыт экология саласындағы ерікті бастамалар мен пилоттық жобалар арқылы дамып келеді, оларды мемлекет немесе бизнес қолдайды. Textile recycling саласының экономикасы енді ғана қалыптасу үстінде. Қазіргі таңда бұл бағытта жүйелілік жоқ, негізгі қозғалыс Алматы мен Астанада шоғырланған. Дегенмен, үрдіс бар және оның өңірлерге таралуына негіз қалыптасып келеді, – дейді Нұржамал Иминова.

Ескі киімге «екінші өмір» сыйлаған жоба

Қазақстанда ескі тоқыма бұйымдарын жинау, сұрыптау және қайта өңдеуді жүйелі түрде қолға алған бастамалардың бірі – Алматыда іске қосылған Fabriqa жобасы. Жобаның авторы – Екатеринбургтен қоныс аударған кәсіпкер Денис Лекомцев. Fabriqa тек текстильді жинаумен шектелмей, оны қайта өңдеудің толық тізбегін құруға бағытталған.

Фото: Делия Айдаралиева

Жоба мемлекеттік гранттардың көмегінсіз, жеке инвестиция есебінен дамып келеді. Қазіргі таңда Алматыда Fabriqa-ның 18 боксы орнатылған. Бір айдың ішінде қала тұрғындары 20 тонна текстиль тапсырған. Ал жиналған киім одан әрі нақты технологиялық тізбек бойынша өңделеді.

– Біз алдымен текстильді жинап, сұрыптаймыз. Заттардың 3%-ын Second-hand-ке және қайырымдылық қорларға жібереміз, қалғанын қайта өңдеуге дайындаймыз, – деп түсіндірді Денис Лекомцев.

Келесі кезеңде материал тереңірек өңдеуден өтеді. Содан соң өндірісте немесе автожуу орындарында қолданылатын сүрткіш шүберек пайда болады. Киімнің бір бөлігі регенерацияланған талшыққа айналып, жастық, көрпе немесе матрас толтырғышы ретінде қолданылады. Мысалы, ескі джинсылардан декоративті жастықтарға арналған толтырғыш жасалады. Алайда бұл бағытта техникалық шектеулер бар.

– Кәсіпорындар бізге матаның қалдықтарын ұсынады, бірақ біздің жабдық әзірге тек ірі мата бөліктеріне арналған. Ұсақ қалдықтарды қайта өңдеу қиын. Мұндай машиналар бар, бірақ біз оларды әлі сатып алған жоқпыз. Қытайлық нұсқалар бар, ал еуропалық жабдық қымбат. Қазір түрлі өндірушілермен келіссөз жүргізіп жатырмыз, – дейді Лекомцев.

Фото: Делия Айдаралиева

Жалпы, Қазақстанда бұл бағыт енді ғана қалыптасып келеді және жобалар көбіне тар сегменттерде жұмыс істейді.

Қазіргі жағдайда мұндай жобаларды қолдау құралдары шектеулі. Спикердің айтуынша, негізгі мүмкіндік – «Жасыл даму» бағдарламасы аясында 3% мөлшерлемемен берілетін несие. Ал қайта өңдеуді жүйелі түрде ынталандыратын басқа тетіктер әзірге жеткіліксіз.

Экоакцияға қатысушылар саны артқан

Елордада да пайдаланылған текстильді қайта өңдеуге бағытталған жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Ескі киімдер қоқысқа тасталмай, Glovex жобасы аясында өңделеді.

Жиналған маталар алдымен талшыққа дейін ұсақталып, сұрыпталады да қайта өңдеуге жіберіледі. Мақтадан иірімжіп жасалып, одан қорғаныш қолғаптары тоқылады. Бір тонна қайта өңделген киімнен шамамен 6 мың жұп қолғап шығатыны жүйенің тиімділігін көрсетеді.

Қазіргі уақытта киімді тікелей цехқа апарып тапсыру мүмкін емес, кәсіпорын тек ірі партиялармен жұмыс істейді. Дегенмен, «Дармарка» экоакциясы арқылы әрбір тұрғын өз киімін қайта өңдеуге өткізе алады. Бұл шара еріктілер арқылы жүзеге асырылады.

Фото: Астана әкімдігі

Сонымен қатар акция киімдерді айырбастау немесе қайырымдылыққа тапсыру мүмкіндігін де ұсынады. Жақсы күйдегі киімдер «Like Komek» қайырымдылық дүкеніне жеткізіледі, мұнда оны мұқтаж отбасылар тегін ала алады. Ал бір бөлігі сатылымға шығып, түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.

– Заттардың бір бөлігін мұқтаж жандар сол жерде-ақ алып кетеді, бір бөлігі «Like Komek» дүкеніне жіберіледі, тек үштен бірі ғана қайта өңдеуге өтеді. Қуантатыны, акцияға қатысушылар қатары артып жатыр, – дейді экоакция ұйымдастырушылары.

Саланы қалай дамыта аламыз?

Қала мен ауыл тұрғындары арасында ескі киімдерді қайта өңдеу мәдениетіне деген белсенділік біркелкі емес. Сарапшылардың пікірінше, жағдайды түзету үшін ақпараттандыру мен экологиялық сананы арттыру маңызды.

– Zero waste мәдениетін белсенді насихаттау және экологиялық қауымдастықтар мен стартаптарды қолдау қажет. Көп адамдар киімді қайта өңдеуге болатынын білмейді, fast fashion индустриясының қоршаған ортаға тигізетін зиянын түсінбейді. Мұны түзеу керек, – дейді Нұржамал Иминова.

Саналы тұтыну және ескі киімге «екінші өмір» беру идеясы көбіне жас буын арасында қолдау табады. Олар шетелдік тәжірибені көріп, бұл мәдениеттің қоғамға қалай пайда әкелетінін түсінеді. Сондықтан мұндай дағдыларды балабақшадан бастап үйрету, шеберлік сабақтарын өткізу, жарыстар ұйымдастыру және инновациялар енгізу арқылы ғана нақты нәтиже алуға болады.

Алайда, елді тікелей қаржылай ынталандыру механизмі әлі жоқ.

– Мысалы, металл өткізгендей шағын ақы төлеу жүйесі енгізілсе, бұл бағытқа қызығушылық артар еді, – дейді спикер.

Заңнамалық деңгейде Қазақстанда 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40%-ға жеткізу мақсаты қойылған. Бұл мақсатқа жету үшін текстиль қалдықтарын жеке санат ретінде қарастыру, бизнеске гранттар мен субсидиялар арқылы қолдау көрсету, сондай-ақ халық үшін қолжетімді инфрақұрылым қалыптастыру қажет. Киім жинауға арналған контейнерлер мен бокстар әр аудан мен ауылда болуы тиіс.

Сонымен қатар, эколог Лаура Мәлік қалдықтарды қауіпсіз жоюға ерекше назар аударады.

Фото: Лаура Мәліктің жеке мұрағатынан

– Арнайы қондырғы қажет. Бұл – термиялық өңдеу әдісі. Қалдықтарды жоғары температурада жағып, энергияға айналдыруға мүмкіндік береді. Қондырғы екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігінде қалдық жанады, екінші бөлігінде шығатын газдар өңделеді. Ішкі температура 1000°C-қа жетеді. Мұндай жобаны қала деңгейінде іске асыру керек, өйткені қондырғы миллиондаған теңге тұрады, – дейді ол.

Қорыта айтқанда, елімізде ескі киімдерді қайта өңдеу мәдениеті бастапқы кезеңде қалыптасып жатыр. Алдағы уақытта ақпараттандыру, қаржылық ынталандыру және инфрақұрылым арқылы жүйелі даму жолға қойылады деген үміт бар. Сонда текстиль қалдықтары айтарлықтай азаймақ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 09:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see126

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see120

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see118

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see118

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see117

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see116

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see115

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see115

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see113

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see112

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see109

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see109

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see108

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see107

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see104

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see102

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

15 Тамыз 2026 19:16see101

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see101

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see101

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

16 Тамыз 2026 17:31see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары