24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қарағанды облысында фермерлер өз өнімдерін делдалсыз, тікелей және арзанға сататын әлеуметтік павильондар ашылып жатыр.
Бұл - сауда орындарындағы ет, сүт өнімдері мен көкөніс бағасын реттеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар өңірдегі тұрақтандыру қорының қоймаларында қант, күнбағыс майы, жарма, ұн және өзге де азық-түліктің мол қоры сақтаулы тұр.
Баға көтерілсе, бірден дүкендерге жеткізіледі. Мысалы былтыр қымбатшылықтың алдын алу үшін халыққа 330 тоннадан астам қант және 900 тоннадан
Әлеуметтік дүкендерге жұрттың көбі келіп сауда жасайды. Себебі оларда азық-түлік бағасы нарықтан орта есеппен 10–15% арзан.
Мысалы сиыр еті мұнда 3700 теңге болса, базарда ол 4500 теңге тұрады. Сүт өнімдері мен көкөніс, жемістің де бағасы қолжетімді.
Роза Ысқақова, қала тұрғыны: - Қымбат емес, орталықтағы дүкендерден арзан.