Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Қарағанды қаласында терезеден құлаған екі бала аман қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға 17-шағын ауданында болған. Қараусыз қалған туған екі ұл бала тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. 2021 және 2024 жылы туған балалар шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
"Оқиға кезінде үйде ересектер болмаған", - дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Ал денсаулық сақтау басқармасы екі баланың ауыр жарақат алмағанын хабарлады. Дәрігер оларды қарап шыққаннан кейін үйге жіберуге рұқсат берді.
Айта кетері, жыл басынан бері Қарағанды облысында терезеден 10 бала құлаған. Осы орайда құтқарушылар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Негізгі ережелер:
балаларды қараусыз қалдырмау;
москит торларына сеніп қалмау, олар баланы ұстап қала алмайды;
терезелерге арнайы бекіткіштер мен бұғаттағыштарды орнату;
жиһаздарды терезе маңынан алыс қою.