24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Енді көп қабатты үйде тұратын арбаға таңылған адамдар дәлізбен көтерілі түсуге көмектесетін қызмет түріне, тегін тапсырыс бере алады.
Ол үшін жергілікті бюджеттен ақша бөлініп, арнайы көтергіш құрылғылар сатып алынған.
Өңірде мүгедектігі бар адамдарды қолдау мақсатында осындай бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Руслан Нұрланұлы, тілші: - Қаладағы ескі тұрғын үйлерде жеделсаты мен пандустың болмауы ерекше жандар үшін ең өзекті мәселелердің бірі.
Көбінде мүгедектігі бар адамдар таза ауа жұтуға далаға шыға алмайды, жақын маңдағы дүкенге бара алмайды.
Сондықтан мұндай әлеуметтік қызмет түрі оларға үлкен қолдау.
Аружан Жеңіс енді арнайы көтергіш құрылғының көмегімен екінші қабатқа оңай шығып жүр.