Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың еліміздегі Апостолдық нунциі Джордж Джордж Панамтундилмен кездесті.
Онда рухани дипломатияны ілгерілету мен халықаралық серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.
Сенат төрағасы Апостолдық нунциге ілтипат білдіре келіп, кейінгі жылдарда Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы көпжақты байланыс айтарлықтай жанданып, жаңа деңгейге көтерілгенін, еліміз оны одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол Президенттің Ватиканға ресми сапары екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бергенін айтты.
– Еліміз Қасиетті Тақпен арадағы жүйелі түрде кеңейіп келе жатқан тығыз қарым-қатынасқа үнемі баса мән береді.
Жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар Қазақстан мен Ватикан арасындағы достық қарым-қатынастың берік негізін қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысы былтыр Ватиканға ресми сапары кезінде Қазақстан шынайы достыққа, келісім мен өзара құрметке негізделген Қасиетті Тақпен арадағы бұрыннан келе жатқан серіктестік байланыстарды жоғары бағалайтынын атап өтті.