Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қасиетті Тақтың өкілімен кездесті

Қасиетті Тақтың өкілімен кездесті

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың еліміздегі Апостол­дық нунциі Джордж Джордж Панамтундилмен кездесті. Онда рухани дипломатияны ілгерілету мен халықаралық серіктес­тікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Сенат төрағасы Апостолдық нунциге ілтипат білдіре келіп, кейінгі жылдарда Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы көпжақты байланыс айтарлықтай жанданып, жаңа деңгейге көтерілгенін, еліміз оны одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Президенттің Ватиканға ресми сапары екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бергенін айтты.

– Еліміз Қасиетті Тақпен арадағы жүйелі түрде кеңейіп келе жат­қан тығыз қарым-қатынасқа үнемі баса мән береді. Жоғары дең­гейдегі тұрақты байланыстар Қазақстан мен Ватикан ара­сындағы достық қарым-қаты­настың берік негізін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы былтыр Ватиканға ресми сапары кезінде Қазақстан шынайы достыққа, келісім мен өзара құрметке негіздел­ген Қасиетті Тақпен арадағы бұрыннан келе жатқан серіктес­тік бай­ланыстарды жоғары бағалай­тынын атап өтті. Жақында Қасиетті Тақ жанында Қазақстан елшілігінің ашылуы екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуды көздейтін шынайы ниетіміздің жарқын көрінісі екені анық», деп М.Әшім­баев Қасиетті Тақтың Апостол­дық нунциіне диалог пен ынты­мақтастықты арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар палата спикері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеяларын жан-жақты және дәйекті қолдағаны үшін Ватикан тарапына алғыс айтты. Кездесуде съездің бірлескен күш-жігердің арқасын­да діндер арасындағы өзара түсініс­тік пен сыйластықты нығайтуға ар­налған іргелі алаңға айналғаны айтылды. Сондай-ақ Сенат төрағасы қазіргі сын-қатерлерді еңсеру жолында рухани дипломатияның маңызына тоқталып, еліміздің конфессияаралық келісімді дамыту мен жаһандық дінаралық диалогті ілгерілетуге арналған бастамаларға тоқталды.

– Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің күн тәртібі өзекті әрі мазмұн­ды болды. Біз БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесіп, діни нысандарды қорғау жөнінде арнайы сессия өткіздік. Одан бөлек, Жас діни лидерлердің екінші форумы ұйым­дастырылды. Аталған іс-ша­ра­ға түрлі діни конфес­сиялар­дың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар қатысты. Съезд аясын­да қазір­гі ха­лық­аралық қатынас­тар­дағы рухани диплома­тия­ның рөліне ар­налған сарап­та­малық дөңгелек үстел де өткі­зілді. Осын­дай баста­ма­лардың бәрі мәде­ниет­тер мен дін­дердің жа­қын­­да­суына айтарлықтай үлес қосты деуге толық негіз бар, – деп М.Әшімб­аев алдағы бірлескен жұ­мыс­­тың басым бағыттарын атап өтті.

Джордж Панамтундил де Қасиетті Тақ Қазақстанның бейбіт бас­тамаларын толық қолдайты­нын айтты. Сонымен қатар ол толе­рант­тылық, үйлесімділік пен ба­уыр­ластық идеяларын дәріптеуге мүдделі екенін мәлімдеді.

Кездесуде бұған қоса денсау­лық сақтау, ғылым, мәдениет, басқа да бір­қатар саладағы байланыстарды кеңейту мәселелері де талқыланды. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 09:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары