Қазақстан барысына барады

24.10.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Орал қаласында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне баратын батысқазақстандық палуандарды іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Боз кілемде Батыс Қазақстан облысының 11 ауданы мен Орал қаласынан 25 балуан қатысып айқасқа түсті. Республикалық додаға жолдама алу үшін белдескен атан жілік жігіттер өзара мықтыны анықтады.

Сонымен, Қазталов ауданының атынан қатысқан Бекайдар Меңдешев қарсыластарын түгел жеңіп, бірінші орынға ие болды. Тасқалалық Эльнар Жанболатұлы – екінші, Шыңғырлау ауданының палуаны Құсайын Ерболатов – үшінші орынға тұрақтады.

Енді республикалық «Қазақстан барысы» сайысында БҚО-ның намысын Бекайдар Меңдешев қорғайтын болады.

Батыс Қазақстан облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью