Қазақстан барысына барады
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Орал қаласында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне баратын батысқазақстандық палуандарды іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Боз кілемде Батыс Қазақстан облысының 11 ауданы мен Орал қаласынан 25 балуан қатысып айқасқа түсті. Республикалық додаға жолдама алу үшін белдескен атан жілік жігіттер өзара мықтыны анықтады.
Сонымен, Қазталов ауданының атынан қатысқан Бекайдар Меңдешев қарсыластарын түгел жеңіп, бірінші орынға ие болды. Тасқалалық Эльнар Жанболатұлы – екінші, Шыңғырлау ауданының палуаны Құсайын Ерболатов – үшінші орынға тұрақтады.
Енді республикалық «Қазақстан барысы» сайысында БҚО-ның намысын Бекайдар Меңдешев қорғайтын болады.
Батыс Қазақстан облысы
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 21:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы
Байланыс








Ең көп оқылғандар



















