Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Үкімет ел экономикасының алты айдағы көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, қаңтар-маусым айларында Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өскен.
"Экономика өсімінің негізгі драйвері мұнайға қатысты емес сектор болып қала береді. Биыл мұнайға жатпайтын секторлардың өсім қарқыны тұрақты түрде 5%-дан жоғары болып отыр", – деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ең жоғары өсім мына салаларда тіркелді:
құрылыс;
өңдеу өнеркәсібі;
көлік қызметтері;
сауда.
"Осы салалардың жалпы ішкі өнім өсіміне қосқан жиынтық үлесі шамамен 85%-ды құрайды. Оң динамика ауыл шаруашылығы мен байланыс қызметтері салаларында да сақталып отыр", – деп атап өтті вице-премьер.
Сонымен қатар инвестициялар экономика өсімінің негізгі драйверлерінің бірі болып қала береді.