Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
2026 жылы Құрбан айт 27 мамырға – сәрсенбі күніне түсіп отыр, деп хабарлайды Almaty.TV.
"Осылайша, қазақстандықтарды бұл айда қосымша демалыс күні күтеді", – делінген жарияланымда.
Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы "Құрбандық шалу мейрамы" деген мағынаны білдіреді. Бұл күні мұсылмандар қой, сиыр, қошқар немесе түйе секілді малдардың бірін құрбандыққа шалады.
Құрбан айттың алғашқы күні мұсылмандар үшін ең маңызды күн болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Сондай-ақ дәл осы күні жамағат бір-бірін құттықтап, дастархан басына шақыруға асығады.