Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашып, инвестициялық жобаларды жүзеге …
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік бойынша экономикалық ықпалдастық тереңдеп, саяси байланыстар жоғары деңгейде жанданып келеді.
2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа екі рет жұмыс сапарымен барды.
Қыркүйек айындағы Нью-Йоркке сапары қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында жалпы құны 5,2 млрд доллар болатын 11 келісім мен меморандумға қол қойылды.
2025 жылдың қараша айында Вашингтонда өткен Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысты.
С5+1 форматындағы саммит Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашып, Қазақстан мен АҚШ арасында жалпы сомасы 17 млрд АҚШ долларын құрайтын 29 келісімге қол қойылды.
Бұл құжаттар энергетика, өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым салаларын қамтиды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанын үнемі айтып келеді.
Читать полностью
Читать новость