Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

Ала доп аламаны аяқталды

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

Әскерде зорлық жасады : ақша табу үшін елді алдаған астаналық сотталды

Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашып, инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр

Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашып, инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік бойынша экономикалық ықпалдастық тереңдеп, саяси байланыстар жоғары деңгейде жанданып келеді. 2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа екі рет жұмыс сапарымен барды. Қыркүйек айындағы Нью-Йоркке сапары қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында жалпы құны 5,2 млрд доллар болатын 11 келісім мен меморандумға қол қойылды. 2025 жылдың қараша айында Вашингтонда өткен Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысты.  С5+1 форматындағы саммит Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашып, Қазақстан мен АҚШ арасында жалпы сомасы 17 млрд АҚШ долларын құрайтын 29 келісімге қол қойылды. Бұл құжаттар энергетика, өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым салаларын қамтиды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанын үнемі айтып келеді.

– Нью-Йоркке жұмыс сапары аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысында: «Біз Американы маңызды серіктестеріміздің бірі санаймыз және сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенімізді растаймыз. Америка Құрама Штаттарының да осы стратегиялық ұстанымды қолдайтыны қуантады. Қазақстан Президент Трамптың прагматикалық дипломатияны алға тартуын, Еуропа мен Таяу Шығыстан бастап Азия мен Африкаға дейінгі қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге ықпал ету ісіндегі рөлін жоғары бағалайды. Оның конструктивті позициясы мен нақты нәтижеге қол жеткізуге айрықша мән беруі жаһандағы жіктелу ушыққан кезеңде шиеленістің бәсеңдеп, диалогтың артуына ықпал етуде. Мақсат-міндеті айқын мұндай батыл әрі табанды әрекет халықаралық деңгейде мойындауға лайық. Құрама Штаттар Қазақстан экономикасына 100 миллиард доллардан астам қаржы құйған ірі инвестор саналады. Екі ел экономикалық ықпалдастықта зор жетістікке жетті. Біз мұны мақтан тұтамыз. Қазір елімізде 630-дан астам америкалық компания табысты жұмыс істеп жатыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өнеркәсіп және инвестициялық жобалар

Сапар аясында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен өндіруші компаниясы» АҚ мен Cove Capital Қарағанды облысындағы Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындарын бірлесіп игеру туралы келісімге келді. Жобаның инвестициялық көлемі 1,1 млрд АҚШ долларын құрайды. Кен орындары JORC стандарты бойынша сертификатталған, ал вольфрам қоры 410 мың тоннаға бағаланып отыр. Жоба аясында өңдеу кәсіпорындары салынып, қосылған құны жоғары өнім өндірілмек.

Сапардың тағы бір негізгі нәтижелерінің бірі – 2,5 млрд АҚШ долларына бағаланатын өнеркәсіптік ынтымақтастық жөніндегі стратегиялық келісім болды. Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «АгромашХолдинг KZ» АҚ, Eurasia Group AG және John Deere компаниясы қол қойды. Аталған келісім Қостанай мен Түркістандағы кәсіпорындарда кемінде 3 000 дана ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді, сервистік орталықтар салуды және Қазақстанда ТМД елдеріне арналған John Deere өңірлік қосалқы бөлшектер орталығын құруды көздейді.

«АҚШ-тың Қазақстан экономикасына қосқан үлесі тұрақты өсу динамикасын сақтап отыр. Тек 2024 жылы тартылған инвестициялар көлемі шамамен 869 млн долларды құрады, ал 2025 жылдың бірінші тоқсанында АҚШ-тан Қазақстанға түсетін жалпы инвестициялар 362,4 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіштер көпжақты ынтымақтастық форматы АҚШ пен өңір аймақтары арасындағы экономикалық әріптестікті кеңейту үшін қолайлы жағдай туғызатынын айқын дәлелдейді. 

АҚШ-пен жоғары деңгейде конструктивті диалог жүргізу және Трамп әкімшілігімен нақты келісімдерге қол жеткізу Қазақстанның ұлттық мүдделерін халықаралық қатынастар жүйесінің трансформацияланып отырған жағдайында іске асыруға септігін тигізеді. Еліміз үшін осы механизмге қатысу арқылы инвестиция тарту, сыртқы экономикалық байланыстарды әртараптандыру және аймақтық саяси және экономикалық өзара әрекеттесудің орталығы ретінде рөлін нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады», – дейді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы Али Мұхамбет. 

Химия, энергетика және цифрлық технологиялар

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйек айында Нью-Йоркке жұмыс сапары кезінде екіжақты ынтымақтастықтың негізі саналатын энергетика секторын негізгі басымдық ретінде атады.

– Chevron және ExxonMobil компанияларының соңғы 30 жылда елімізге қомақты әрі табысты инвестиция салғанын мойындаймыз және жоғары бағалаймыз. Аймақтағы геосаяси дүрбелеңдерге қарамастан, олардың еліміздегі қызметіне қатысты ешқашан күмән туған емес. Еліміздің экономикасын жаңғыртуда, озық технологиялар енгізуде, экономикалық әлеуетіміздің орнықтылығы мен қуатын арттыруда сіздердің Қазақстандағы қызметтеріңіздің жағымды әсері болды. Біз Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ мұнай кен орындарындағы америкалық серіктестерімізбен конструктивті ынтымақтастықты одан әрі жалғастырамыз. Өзара серіктестігіміз алдағы уақытта да әділ әрі екі тарапқа тиімді нәтиже әкелгенін қалаймыз. Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының 2025 жылдың қараша айындағы АҚШ-қа сапары аясында 1Thirty Holding (AsiaColor) пен Халықаралық өзара түсіністікті дамыту жөніндегі іскерлік кеңес (BCIU) арасында АҚШ-та тікелей біріктірілген химия кешенін салу жөнінде 130 млн АҚШ долларына тең меморандумға қол қойылды. Бұл – қазақстандық бизнестің АҚШ-тағы алғашқы өнеркәсіптік инвестициялық жобасы.

Одан бөлек Chemelex LLC және салалық халықаралық даму орталығы арасында 20 млн АҚШ долларына жуық келісім жасалып, Қазақстанда өзін-өзі реттейтін жылытқыш кабельдер өндірісін жергіліктендіру және бірлескен кәсіпорын құру жоспарланып отыр.

Қол қойылған құжаттар қатарына энергия сақтау жүйелерін (BESS) өндіретін зауыт салу, сондай-ақ ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ және Perplexity AI арасындағы азаматтарға Perplexity Pro қызметін тегін ұсыну туралы келісімдер де енді. Бұдан бөлек, жасанды интеллект пен энергетика салаларында ғылыми-зерттеу орталықтарын құру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Америкалық компаниялар Қазақстанның әлеуетіне алғашқылардың бірі болып сенім артқан инвесторлар қатарында және бүгінде Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сияқты ірі жобалардағы негізгі серіктестер саналады.

Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен ADIPEC-2025 халықаралық энергетикалық форумы аясында АҚШ-тың Ішкі істер министрі, Энергетикалық үстемдік жөніндегі кеңестің төрағасы Даг Бёргаммен кездесу барысында айтқан еді.

– Қазақстанда іске асырылып жатқан жобалар америкалық серіктестеріміздің жаһандық портфельдеріндегі негізгі активтердің бірі саналады. Олардың ауқымы Қазақстанның әлемдік энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін айқындап, өзара тиімді әрі табысты ынтымақтастықтың нақты көрсеткіші болып отыр, – деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Аграрлық саладағы ынтымақтастық

АҚШ-пен әріптестік ауыл шаруашылығы саласында да қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы АҚШ Сауда өкілінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша орынбасары Оля Лутчинмен кездесіп, агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

2024 жылдың 11 айында екі ел арасындағы агроөнеркәсіп өнімдерінің тауар айналымы 110,2 млн АҚШ долларын құрады. 

Бүгінде Қазақстан әлемдегі астық экспорттаушы алғашқы он елдің қатарына кіреді және жыл сайын 13–14 млн тонна астықты сыртқы нарықтарға шығарады. Астықты терең өңдеудің экспорттық әлеуеті 1,6 млрд АҚШ долларына бағаланады.

Сондай-ақ мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа назар аударылды. 2010–2024 жылдары АҚШ-тан 32,1 мың бас асылтұқымды мал импортталып, саланың өнімділігін арттыруға ықпал етті. Кездесу барысында Қазақстан селекция және генетика бағытындағы әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.


Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапары барысында The Washington Post және The New York Times секілді америкалық танымал басылымдарға сұхбат берді. Президент Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастыққа, Америкаға сапарының мәні мен маңызына, Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатқа, әлемдегі геосаяси жағдайға, Украина төңірегіндегі ахуалға және басқа да мәселелерге қатысты ойымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйек айында Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барып, АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде 

«Осы жобалар Қазақстанның экспорттық әлеуетін күшейтіп, отандық өнімнің жаңа аймақтық нарықтарға шығуына мүмкіндік береді.

Серіктестікті одан әрі нығайту үшін біз тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға, су ресурстарын басқаруға және ауыл шаруашылығын цифрландыруға бағытталған бірлескен агроинновациялық бағдарламаны құруды ұсынамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осылайша, қол қойылған келісімдер Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін және серіктестіктің инвестиция, инновация және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған стратегиялық сипатын айқын көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту еліміздің сыртқы саясатындағы ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі екенін мәлімдеді. 

Ал 22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 15:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

20 Шілде 2026 10:24see133

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

21 Шілде 2026 05:01see124

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

20 Шілде 2026 17:09see123

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

20 Шілде 2026 08:04see118

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

20 Шілде 2026 16:03see116

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

20 Шілде 2026 14:24see113

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

21 Шілде 2026 16:59see111

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

20 Шілде 2026 23:54see110

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

21 Шілде 2026 17:16see110

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

21 Шілде 2026 17:00see110

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

20 Шілде 2026 08:47see109

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

21 Шілде 2026 17:17see109

Ала доп аламаны аяқталды

21 Шілде 2026 07:05see109

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

20 Шілде 2026 23:54see108

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

20 Шілде 2026 15:22see108

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

20 Шілде 2026 15:51see108

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

20 Шілде 2026 21:12see107

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

20 Шілде 2026 17:29see106

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

20 Шілде 2026 23:54see104

Әскерде зорлық жасады : ақша табу үшін елді алдаған астаналық сотталды

21 Шілде 2026 17:55see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары