Қазақстан мен Түркия стратегиялық серіктестер Джевдет Йылмаз

15.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ол сөзін еліміздің қонақжайлығына алғыс айтудан бастады.

— Түркия Республикасының Президенті, құрметті Режеп Тайип Ердоған мырзаның және бауырлас түрік халқының сіздерге, сондай-ақ барша Қазақстан халқына жолдаған ыстық сәлемін жеткізгім келеді. Маған және делегациямызға көрсетілген жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін шынайы алғысымды білдіремін, — деді ол.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасқа мемлекет басшыларының сүбелі үлесін атап өтті.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Бүгінгі деңгейге жеткен ынтымақтастығымыздың қалыптасуында мемлекет басшылары — Режеп Тайип Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаев мырзалардың саяси ерік-жігері мен ортақ көзқарастары шешуші рөл атқарды. Түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздан бастау алатын тағылымға сүйене отырып, Қазақстан жеріндегі терең рухани мұра аясында сіздермен бірге болу — біз үшін үлкен мәртебе әрі қуаныш, — деп мәлімдеді вице-министр.

Джевдет Йылмаздың сөзінше, Қазақстан мен Түркия — стратегиялық серіктестер.

— Бүгін өткен екіжақты кездесуімізді тек қолданыстағы ынтымақтастықты саралайтын техникалық алаң ғана емес, алдағы кезеңнің сауда-экономикалық бағыттарын айқындайтын стратегиялық кеңес алаңы ретінде қарастырамыз. Түркия мен Қазақстан — тек достас, бауырлас мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар ортақ тарихы, мәдениеті, жадысы мен болашаққа деген көзқарасы тоғысқан стратегиялық серіктестер, — деді ол.

Сондай-ақ ол осы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында мамыр айында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 6-отырысын өткізуді жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс Қазақстан мен Түркия арасында әскери мүліктің транзитіне қатысты құжатты қабылдағанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью