Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Британ тарапынан іс-шараға Бизнес және сауда жөніндегі министрінің міндетін атқарушы, Қазақстан-Ұлыбритания Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының британдық бөлігінің тең төрағасы Крис Брайант, Британ-қазақ қоғамдастығының төрағасы Руперт Гудман, сондай-ақ бірқатар британдық «Maritime House», «Weir Group», «Perry Engineering», «Car Park Transformer», «British Petroleum», «Standard Chartered Bank», «UK Export Finance», «London Stock Exchange Group», «Gleeds», «Better Earth», «Eutelsat OneWeb» компанияларының басшылығы мен «Coventry University» мен «Cardiff University» өкілдері қатысты.
Фото: ҚР СІМҚатысушылар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейту перспективаларын талқылады. Маңызды минералдар мен сирек жер металдары саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Фото: ҚР СІМ— Жүргізіліп жатқан институционалдық реформалар аясында Қазақстан инвесторларды қорғауды одан әрі нығайтып, нысаналы салықтық жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуды жалғастырады. Біз бұрынғыдай инвестицияларыңыздың ұзақ мерзімді қайтарымын қамтамасыз етуге берік бейілдіміз. Бұған саяси тұрақтылық, қолайлы бизнес-орта және экономикамызда жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған тұрақты күш-жігеріміз жәрдемдеседі, — деді Ермек Көшербаев.
Қазақ дипломаты Ұлыбританияның бизнес-қоғамдастығы өкілдерін Қазақстанның соңғы 25 жылдағы жетістіктері туралы хабардар етті.
— Қазақстан айтарлықтай экономикалық өсімге қол жеткізді, оның орташа нақты жылдық көрсеткіші 5,7%-ды құрайды. Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес еліміздің номиналды жалпы ішкі өнімі 300 млрд АҚШ долларынан асады, бұл бізді әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына қосады. Қазіргі уақытта Орталық Азияға тартылатын тікелей шетелдік инвестициялардың 60%-дан астамы Қазақстанға тиесілі, бұл еліміздің өңірдің экономикалық орталығы ретіндегі позициясын нығайтады, — деді Көшербаев.
Өз кезегінде К.Брайант Қазақстандағы британ инвесторларының жетістіктерін және екіжақты ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Ол жасыл экономика, сирек жер металдары, көлік және транзит, білім беру және жасанды интеллект салаларында бірлескен жұмысқа дайын екенін білдірді. Ол бұл жобалардың орнықты инвестициялық мүмкіндіктер қалыптастырып, ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтатынын және маңызды материалдардың халықаралық нарықтарға жеткізілім тізбектерін әртараптандыруға ықпал ететінін атап өтті.
Фото: ҚР СІМФорум қатысушылары экономикалық ынтымақтастықты күшейту өңірдің орнықты дамуына және жеткізілім тізбектерін әртараптандыруға ықпал ететінімен келісті. Сондай-ақ олар қазақ-британ серіктестігін диалог деңгейінен Қазақстан экономикасының жаңа басым бағыттарында нақты жобаларды іске асыру кезеңіне көшірудің маңыздылығын атап өтті.
Фото: ҚР СІМІс-шара қорытындысы бойынша мынандай құжаттарға қол қойылды:
— 2027 жылға дейінгі Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы маңызды минералдар саласындағы стратегиялық серіктестіктің жол картасы;
— «Coventry University» мен «Coventry University Kazakhstan» арасындағы серіктестікті кеңейту және Алматы қаласында лицензиялық кампус ашу туралы меморандум.
Фото: ҚР СІМБұдан бөлек, Қазақстандағы британдық білім беру мекемелерінің қатысуын кеңейту, оның ішінде Алматы қаласында «Charterhouse School» мектебін ашу, «Cardiff University» жасанды интеллект орталығын іске қосу, сондай-ақ Ақтөбе қаласында «Heriot-Watt University» жаңа кампусын ашу туралы мәлімет жарияланды.
Ұлыбритания Қазақстан экономикасындағы он ірі инвестордың қатарына кіреді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша британ инвестицияларының көлемі 723,7 млн АҚШ долларды құрады, ал 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 471,5 млн АҚШ долларына жетті.
Фото: ҚР СІМБұдан бұрын 26 ақпанда Лондон қаласында сыртқы істер министрлері деңгейінде «Орталық Азия — Ұлыбритания» (CA5+1) форматындағы кездесу өтетінін жазған едік. Келіссөздер серіктестікті тереңдетіп, нақты бастамаларды іске қосуға серпін бермек.