Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестік жол картасы бекітілді

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестік жол картасы бекітілді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Британ тарапынан іс-шараға Бизнес және сауда жөніндегі министрінің міндетін атқарушы, Қазақстан-Ұлыбритания Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының британдық бөлігінің тең төрағасы Крис Брайант, Британ-қазақ қоғамдастығының төрағасы Руперт Гудман, сондай-ақ бірқатар британдық «Maritime House», «Weir Group», «Perry Engineering», «Car Park Transformer», «British Petroleum», «Standard Chartered Bank», «UK Export Finance», «London Stock Exchange Group», «Gleeds», «Better Earth», «Eutelsat OneWeb» компанияларының басшылығы мен «Coventry University» мен «Cardiff University» өкілдері қатысты.

Фото: ҚР СІМ

Қатысушылар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейту перспективаларын талқылады. Маңызды минералдар мен сирек жер металдары саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

— Жүргізіліп жатқан институционалдық реформалар аясында Қазақстан инвесторларды қорғауды одан әрі нығайтып, нысаналы салықтық жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуды жалғастырады. Біз бұрынғыдай инвестицияларыңыздың ұзақ мерзімді қайтарымын қамтамасыз етуге берік бейілдіміз. Бұған саяси тұрақтылық, қолайлы бизнес-орта және экономикамызда жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған тұрақты күш-жігеріміз жәрдемдеседі, — деді Ермек Көшербаев.

Фото: ҚР СІМ

Қазақ дипломаты Ұлыбританияның бизнес-қоғамдастығы өкілдерін Қазақстанның соңғы 25 жылдағы жетістіктері туралы хабардар етті.

— Қазақстан айтарлықтай экономикалық өсімге қол жеткізді, оның орташа нақты жылдық көрсеткіші 5,7%-ды құрайды. Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес еліміздің номиналды жалпы ішкі өнімі 300 млрд АҚШ долларынан асады, бұл бізді әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына қосады. Қазіргі уақытта Орталық Азияға тартылатын тікелей шетелдік инвестициялардың 60%-дан астамы Қазақстанға тиесілі, бұл еліміздің өңірдің экономикалық орталығы ретіндегі позициясын нығайтады, — деді Көшербаев.

Өз кезегінде К.Брайант Қазақстандағы британ инвесторларының жетістіктерін және екіжақты ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Ол жасыл экономика, сирек жер металдары, көлік және транзит, білім беру және жасанды интеллект салаларында бірлескен жұмысқа дайын екенін білдірді. Ол бұл жобалардың орнықты инвестициялық мүмкіндіктер қалыптастырып, ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтатынын және маңызды материалдардың халықаралық нарықтарға жеткізілім тізбектерін әртараптандыруға ықпал ететінін атап өтті.

Фото: ҚР СІМ

Форум қатысушылары экономикалық ынтымақтастықты күшейту өңірдің орнықты дамуына және жеткізілім тізбектерін әртараптандыруға ықпал ететінімен келісті. Сондай-ақ олар қазақ-британ серіктестігін диалог деңгейінен Қазақстан экономикасының жаңа басым бағыттарында нақты жобаларды іске асыру кезеңіне көшірудің маңыздылығын атап өтті.

Фото: ҚР СІМ

Іс-шара қорытындысы бойынша мынандай құжаттарға қол қойылды:

— 2027 жылға дейінгі Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы маңызды минералдар саласындағы стратегиялық серіктестіктің жол картасы;

— «Coventry University» мен «Coventry University Kazakhstan» арасындағы серіктестікті кеңейту және Алматы қаласында лицензиялық кампус ашу туралы меморандум.

Фото: ҚР СІМ

Бұдан бөлек, Қазақстандағы британдық білім беру мекемелерінің қатысуын кеңейту, оның ішінде Алматы қаласында «Charterhouse School» мектебін ашу, «Cardiff University» жасанды интеллект орталығын іске қосу, сондай-ақ Ақтөбе қаласында «Heriot-Watt University» жаңа кампусын ашу туралы мәлімет жарияланды.

Ұлыбритания Қазақстан экономикасындағы он ірі инвестордың қатарына кіреді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша британ инвестицияларының көлемі 723,7 млн АҚШ долларды құрады, ал 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 471,5 млн АҚШ долларына жетті.

Фото: ҚР СІМ

Бұдан бұрын 26 ақпанда Лондон қаласында сыртқы істер министрлері деңгейінде «Орталық Азия — Ұлыбритания» (CA5+1) форматындағы кездесу өтетінін жазған едік. Келіссөздер серіктестікті тереңдетіп, нақты бастамаларды іске қосуға серпін бермек.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 00:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see127

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары