Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік сенім мен инвестицияға негізделген

Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік сенім мен инвестицияға негізделген

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші орынға ие, өңірге тартылған жалпы инвестициялардың 60 пайыздан астамы біздің үлесімізге тиесілі. Бұл – халықаралық бизнестің сенімінің және экономикалық саясатымыздың тиімділігінің айғағы», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.

АҚШ бизнесінің жаңа аймағы

Орталық Азия бүгінде америкалық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер аймағына айналып келеді — энергетикадан бастап, маңызды минералдар мен цифрлық технологияларға дейін. Бұл бағытта көшбасшылық позицияны Қазақстан иеленіп отыр: елдің үлесіне өңірлік жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы және АҚШ-пен сауданың шамамен 75 пайызы тиеді.

Америкалық компаниялар Қазақстанда белсенді жұмыс істеп келеді: Chevron мен ExxonMobil ірі мұнай-газ жобаларын дамытып жатыр, PepsiCo снэк өнімдері зауытының құрылысын жүргізуде, ал Meta, Amazon Kuiper және Goldman Sachs цифрлық және қаржылық шешімдерді енгізіп отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан технологиялар, энергетикалық трансформация және инвестициялар бағытында АҚШ-пен стратегиялық әріптестікті дәйекті түрде нығайтып келеді. Wabtec компаниясымен жасалған 4,2 млрд долларлық келісім әлемдегі теміржол саласындағы ең ірі мәмілелердің бірі болып, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Бұл келісімге пікір білдірген Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты «аса құрметті көшбасшы» деп атап, келісім Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық қатынастардың жаңа парағын ашатынын айтты.

— Ғабидолла мырза, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары барысында америкалық бизнес өкілдерімен өткен дөңгелек үстелге қатысты. Бұл кездесудің басты тақырыптары мен нәтижелері қандай болды?

— Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясындағы дөңгелек үстелге қатысуы – маңызды сәттердің бірі болды. Бұл кездесу Қазақстанға деген сенімнің жоғары деңгейін және әлемдік корпорациялардың өсіп келе жатқан қызығушылығын көрсетті.

Бір үстел басында Chevron, ExxonMobil, Boeing, Visa, Mastercard, Meta, Wabtec, Citibank, NVIDIA, Amazon, OpenAI, Shell, Honeywell, PepsiCo, Mars, BCG, Blackstone және басқа да ірі компаниялардың басшылары жиналды. Барлығы 150-ден астам бизнес көшбасшысы қатысты, оның ішінде Fortune Top-100 тізіміндегі 30-дан аса бас директор болды. Бұл соңғы жылдардағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы ең ауқымды кездесулердің бірі саналады.

Өз сөзінде Президент Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік дәйекті әрі прагматикалық түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған америкалық инвестиция көлемі 100 млрд доллардан асып түсті, елде АҚШ капиталы бар 630-дан астам компания жұмыс істейді.

Кездесу барысында негізгі тақырыптар энергетика, технология және орнықты даму болды. Қазақстан Chevron және ExxonMobil компанияларымен Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобалары бойынша тығыз әріптестікті жалғастыруда. Бұл жобалар еліміздің мұнай-газ саласын жаңғыртуда үлкен рөл атқарды. Мемлекет басшысы, сонымен қатар, Қазақстанның әлемдегі ең ірі уран өндіруші екенін, АҚШ импорттайтын уранның төрттен бірін біздің ел қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл Қазақстанды жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің стратегиялық ойыншысына айналдырады.

Сондай-ақ маңызды минералдар — мыс, литий, вольфрам, графит және сирек жер металдары мәселесі де қаралды. Қазақстан осы ресурстардың бай қорына ие және олардың өндіру мен өңдеу бағытында өзара тиімді серіктестік ұсынуда. Cove Capital компаниясымен 1,1 млрд долларлық жоба жергілікті қосылған құн тізбегін қалыптастырудың маңызды қадамы болмақ.

Сапардың тағы бір нәтижесі — Wabtec компаниясымен 4 млрд долларлық келісімге қол қою болды. Бұл ел тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық келісімдердің бірі. Ол Астанада жаңа буындағы локомотивтер өндірісін, жаңа жұмыс орындарын ашуды және машина жасау саласындағы құзыреттерді дамытуды көздейді. Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 80 пайызы Қазақстан арқылы өтетінін ескерсек, бұл елдің Еуразиядағы логистикалық хаб ретіндегі орнын нығайта түседі.

Ауыл шаруашылығы және цифрлық жобалар да талқыланды. Президент америкалық компанияларды агросекторды дамытуға белсене қатысуға шақырып, Алматы облысында 368 млн долларлық PepsiCo зауытының құрылысын мысалға келтірді.

Цифрландыру саласында Қазақстан Еуразиядағы IT-хаб мәртебесін күшейтуде: елде Nvidia, Amazon, Microsoft және Starlink компаниялары жұмыс істейді. Amazon және Meta-мен бірлескен бастамалар спутниктік интернет пен қазақ тілді жасанды интеллект моделін дамытуға бағытталған.

— Сонымен қатар америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесулер өтті. Бұл бағыттағы маңызды нәтижелер қандай болды?

— Президент Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс бағдарламасы өте ауқымды болды. Мемлекет басшысы энергетика, көлік, цифрлық технологиялар, қаржы және агросектор салаларындағы ең ірі америкалық корпорациялардың басшыларымен кездесті. Бұл компаниялардың көпшілігі Қазақстанда бұрыннан жұмыс істейді немесе жаңа жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр, ал олардың елге деген қызығушылығы артып келеді.

Кездесулердің негізгі мазмұны инвестициялар мен технологиялық серіктестікке арналды. Президент мұндай кездесулер жай пікір алмасу емес, нақты нәтижеге бағытталған ынтымақтастық құралы екенін үнемі атап өтеді. Олар өзара сенім мен нақты жобалар негізінде тиімді серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

— Қазіргі таңда Орталық Азия жаһандық инвесторлардың назарында. Осы үдерісте Қазақстанның рөлі қандай?

— Иә, бүгінде Орталық Азияға әлемдік инвесторлардың назары ерекше ауып отыр, ал Қазақстан бұл кеңістіктегі басты ойыншы саналады. Біздің елдің үлесіне өңірлік жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы және АҚШ-пен сауданың 75 пайызы тиеді. Қазақстан аймақтық капитал мен технология орталығына айналды.

БҰҰ ЭСКАТО деректеріне сүйенсек, 2024 жылы елге тартылған инвестиция көлемі 15,7 млрд долларды құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Орталық Азияға келетін барлық инвестицияның 60 пайыздан астамы Қазақстанға бағытталады.

Халықаралық рейтингтер де оң серпінді көрсетіп отыр: Moody’s еліміздің несиелік рейтингін Baa1 деңгейіне көтерді, ал IMD рейтингі бойынша Қазақстан әлемнің ең бәсекеге қабілетті 35 экономикасының қатарына енді. Жалпы алғанда, елге тартылған шетелдік инвестициялар 450 млрд доллардан асты.

Ең бастысы — инвестиция құрылымы әртараптануда: дәстүрлі энергетикамен қатар машина жасау, көлік, агроөнеркәсіп, медицина және цифрлық технологиялар салалары дамып келеді. Осылайша Қазақстан аймақтың ғана емес, бүкіл Еуразияның инвестиция мен технология хабына айналуда.

— Маңызды минералдар саласында Қазақстанның әлеуеті қандай?

— Қазақстан өңірдегі ең бай минералдық базаға ие және әлемдегі маңызды материалдар өндіруші жиырмалыққа кіреді. Елдің үлесіне мыс, титан, кобальт және сирек жер элементтерінің айтарлықтай бөлігі тиеді.
Қазір сирек және сирек жер элементтерін өндіру мен өңдеу бағытында жаңа жобалар жүзеге асуда — бұл аккумуляторлар, электроника және ғарыш технологиялары үшін стратегиялық маңызы бар сала. 2023 жылғы желтоқсанда 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспар қабылданды. Ол бес жаңа кен орнын іске қосып, заманауи өңдеу технологияларын енгізуді қарастырады.

Америкалық Cove Capital компаниясымен серіктестік ерекше маңызға ие. Компания сирек жер металдарын барлау және терең өңдеу жобасын жүзеге асыруда. Бұл толық құн тізбегі құрылып жатқан пилоттық алаң: шикізат өндіруден бастап жоғары технологиялық өнім шығаруға дейін. Басты мақсат – шикізат экспортынан дайын өнім өндірісіне көшу. Бұл бағытта америкалық компаниялардың қатысуы Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбегіндегі орнын нығайтады.

— Ал логистика саласында Қазақстанның рөлі қандай және америкалық серіктестік оны қалай күшейте алады?

— Бүгінде Қазақстан жаңа Еуразиялық логистика қалыптастыруда негізгі рөл атқарып отыр. Ел аумағы арқылы Қытай мен Еуропа арасындағы барлық құрлықтық жүк тасымалының 80 пайызы өтеді. Бұл Қазақстанды Еуропа, Азия және Таяу Шығыс нарықтарын байланыстыратын табиғи көпірге айналдырады.

Басты басымдықтардың бірі – Транскаспий бағытын дамыту. Бұл қысқа әрі сенімді маршрут соңғы екі жылда жүк көлемін екі есеге арттырды. Оның әлеуеті жылына 10 млн тоннаға дейін жетеді және бұл бағытқа қызығушылық ай сайын өсіп келеді.

Сонымен қатар, АҚШ серіктестеріне Каспий теңізі порттарын дамытуға, жүктерді қадағалаудың цифрлық жүйелерін енгізуге және Түркия, Грузия мен Әзербайжанда логистикалық хабтар құруға қатысу ұсынылды. Мұның барлығы Қазақстанның сенімді транзиттік түйін ретіндегі мәртебесін нығайтып, жаһандық жеткізу тізбектерін қалыптастырудағы орнын күшейтеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2025 23:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары