Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Кездесуге ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев, бас директоры Нұрлан Нөгербек, QazAI қауымдастығының төрағасы Темірлан Зиятов және төраға орынбасары Анар Төлеубаева қатысты.
Жиын барысында спорт саласына заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.
Тараптар бұл бағыттардың мемлекет деңгейіндегі басымдықтарға толық сәйкес келетінін атап өтті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес, 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланған.
Ынтымақтастықтың алғашқы практикалық қадамдарының бірі ретінде QazAI қауымдастығының сарапшылары Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Olympic Solidarity бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын спорт менеджерлеріне арналған білім беру жобаларына қатысады.
Атап айтқанда, 22-23 қаңтар күндері Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде спорттағы жасанды интеллектіні қолдану және цифрлық трансформация тақырыбына арналған дәріс өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар тараптар Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қызметін Халықаралық Олимпиадалық комитеттің жасанды интеллект саласындағы жаһандық күн тәртібімен үйлестіруге ерекше назар аударды.