Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті спорт саласына жасанды интеллектіні енгізбек

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті спорт саласына жасанды интеллектіні енгізбек

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Кездесуге ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев, бас директоры Нұрлан Нөгербек, QazAI қауымдастығының төрағасы Темірлан Зиятов және төраға орынбасары Анар Төлеубаева қатысты.

Жиын барысында спорт саласына заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізу мәселелері кеңінен талқыланды. Тараптар бұл бағыттардың мемлекет деңгейіндегі басымдықтарға толық сәйкес келетінін атап өтті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес, 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланған.

Ынтымақтастықтың алғашқы практикалық қадамдарының бірі ретінде QazAI қауымдастығының сарапшылары Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Olympic Solidarity бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын спорт менеджерлеріне арналған білім беру жобаларына қатысады.

Атап айтқанда, 22-23 қаңтар күндері Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде спорттағы жасанды интеллектіні қолдану және цифрлық трансформация тақырыбына арналған дәріс өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қызметін Халықаралық Олимпиадалық комитеттің жасанды интеллект саласындағы жаһандық күн тәртібімен үйлестіруге ерекше назар аударды. Қазіргі таңда ХОК Олимпиадалық қозғалыстың негізгі үдерістеріне жасанды интеллектіні жүйелі түрде енгізіп келеді.

Бұл бағыттарға спорттық деректерді талдау, басқарушылық шешімдерді қолдау, цифрлық сервистерді дамыту, спортшылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Olympic AI Agenda жаһандық стратегиясы мен Trustworthy AI Framework стандарттары аясында технологияларды этикалық әрі жауапты пайдалану қағидаттарын қалыптастыру кіреді.

Кездесу барысында спорттық ұйымдардың қызметін цифрландыруға бағытталған ішкі жасанды интеллект экожүйесінің тұжырымдамасы таныстырылды. Тараптар интеллектуалды медиа-мұрағат, мерзімдерді автоматты бақылау жүйелері секілді цифрлық құралдарды әзірлеу мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ спортшылардың кәсіби көрсеткіштері мен даму үдерісін нақты уақыт режимінде бақылауға, олардың мансаптағы әрбір кезеңіне кешенді талдау жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдер мен бірыңғай цифрлық профиль құру мәселесі негізгі басымдық ретінде аталды.

«Бүгінде Халықаралық Олимпиадалық комитет жасанды интеллектіні басқару тиімділігін арттыру мен спортшыларды қолдаудың маңызды құралдарының бірі ретінде қарастырып отыр. Біз үшін бастамаларымызды ХОК тәсілдерімен үйлестіріп, спортшылар мен спорт ұйымдарының мүддесіне қызмет ететін цифрлық жүйе қалыптастыру аса маңызды», – деді Әлімжан Ақаев.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар цифрлық бастамаларды бірлесіп дамытуға келісті. Сонымен қатар ортақ жобаларды жүзеге асырудың алдағы қадамдары айқындалды.

Айта кетейік, Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 20:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары