Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жасанды интеллектіні игеру заман талабы

Жасанды интеллектіні игеру заман талабы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жастар саясат мектебінде  білімін шыңдайды

Биыл еліміздің әртүрлі өңі­рінде бес оқыту легін өткізу жоспарланған. Оның алғашқы екеуі Семей және Ақтөбе қалаларында сәтті ұйымдастырылса, үшінші легі Қонаев қаласында жалғасқан. Семинарға барлық өңірден жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысып, білім-біліктерін толықтырып, тәжірибе алмасып жатыр.

Аталған жоба мемлекеттік жас­тар саясатын іске асыру саласындағы практикалық дағдыларды жетілдіруге, заманауи басқарушылық құзыреттерді дамытуға, жастармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жастар ресурстық орталықтарының қызметіне цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған.

Семинарға қатысушы жастармен кездескен Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев мұндай игі бастамалардың жастар саясатын жүзеге асыруда берер пайдасы орасан зор екенін тілге тиек етті.

«Қазіргі уақытта геосаяси ахуал әлемді алаңдатып отыр. Халықаралық ақпарат кеңістігіне көз салсаңыздар, көптеген елде тұрақсыздық белең алып барады. Осындай алмағайып заманда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы және ішкі саясаттың тепе-теңдігін сақтай отырып, Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосуды мақсат етіп келеді. Халыққа Жолдауының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» деп аталуының да түпкі маңызы осында. Сондықтан ел ертеңі болар жастарымыз заман көшінен қалмауы керек. Озық технологияны меңгеру – жастардың қолында. Әлемдік сарапшылардың пікіріне сүйенсек, жасанды интеллект технологиясын барынша игеру экономикаға әлдеқайда зор пайдасын тигізеді. Бұл технологияны барлық мемлекет қолдап отыр. Десе де ЖИ кейбір мамандықтың орнын басып, жұмысты жетілдіргенмен, адамды алмастыра алмайды», деген Мәлік Нұржанұлы ЖИ-ді игере отырып, өмірге деген көзқарасты кеңейту мен тілді меңгерудің маңызына тоқталды.

«Өз тіліңді құрметтей отырып, өзге тілдерді білудің артықшылығы өте көп. Озық мемлекеттердің ең басты алғышарты – тілді меңгеру. Әлемде табысқа жеткен тұлғалардың өмірін зерттеп қарасаңыз, көбі қартайған шағында адам таңғаларлық табысқа қол жеткізген. Яғни 50–60 жас­та да тіл үйреніп, жаңа технологияны меңгеруге болады. «Диплом алдым, зейнетке шықтым, бәрі бітті» деген ұстаным жоқ. Өмір тоқтамайды. Неғұрлым көбірек әрекет етсек, соғұрлым ұзақ жасайтын боламыз», деген Президент кеңесшісі жалындаған жастардың келешектеріне сәттілік тіледі.

Ағартушылықтың алтын ордасы

Қонаев қалалық кітапханасының құрылғанына биыл 55 жыл толды. Алғашқы кітап қоры – 1 500 дана, оқырман саны 400-ді құраған. Қазір кітапханада 76 208 дана кітап қоры болса, оқырман саны 9 мыңға таяған.

Мерекелік іс-шараға Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Ұлттық кітапхананың директоры Ғазиза Нұрғалиева, ақын-драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Беделхан, ардагер кітапханашылар мен зиялы қауым өкілдері, оқырмандар қатысты.

Жарты ғасырдан астам уақыт көзі­қарақты оқырманды көркем әдебиетпен қамтамасыз етуде қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан кітапхана ұжымын алғашқылардың бірі болып Мәлік Нұржанұлы құттықтады. 

«Баршаңызды бүгінгі қуанышта­рыңызбен құттықтаймын! Мемлекет басшысы алдымызға кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалып­тастыру міндетін қойып отыр. Осы мақсатқа жету жолында еліміздегі кітапханаларды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Соның бірі 55 жылдығы аталып жатқан Қонаев қалалық кітапханасы дер едік. Мұның соңында кітапханашылардың ерен еңбегі бар. Қиын-қыстау шақтарда кітап қорын сақтап, оны оқырман қолына жеткізудегі табандылықтарыңызға әркез ризамыз», деген Президент кеңесшісі ел руханиятының қазынасына сүбелі үлес қосқан әдебиет пен мәдениет, өнер өкілдеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамоталарын табыс­тап, төсбел­гілерді жарқырата тақты.

Мерейтойда сөз кезегін алған Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев кітапхана ұжымына ақжарма тілегін арнаған өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің ыстық сәлемін жеткізді. Құттықтау хатта кітапхананың жарты ғасырдан астам уақыт ішінде рухани құндылықтарды дәріптеп, білім мен мәдениеттің алтын ордасына айналғаны айрықша аталған. Елу бес жылда сан мыңдаған оқырманның кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, ұлттық мұраны насихаттауға зор үлес қосқанын тілге тиек еткен Ғани Айдарұлы облыста кітапханаларды жаңғырту жұмысы алдағы уақытта да жалғасатынын, жаңарған кітапханалар жастардың оқуға қызығушылығын арттыра түсетінін алға тартты. Сондай-ақ зерделі ұлт қалыптастырудың рухани ордасына айналған Қонаев қалалық кітапханасының директоры Айгүл Бегімбайқызы мен бөлім меңгерушісі Даража Жолымбетоваға облыс әкімінің Алғысхатын табыс етті.

Іс-шараға арнайы келген Ұлттық кітапхананың директоры Ғазиза Нұрғалиева Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әлидің ізгі тілегін оқып берді. Құттықтау хатта Қонаев қалалық кітапханасының 55 жыл ішінде өңірдің мәдени-рухани өмірінде өзіндік орны бар орта­лыққа айналғаны, шығармашылық кездесулердің, ғылыми-ағартушылық жобалардың, қоғамдық пікір алмасудың маңызды алаңы болғаны атап өтілген. Сондай-ақ кітапхана саласының бірқатар қызметкері Мәдениет және ақпарат вице-министрінің Алғысхатымен марапатталды.

Мерейтой барысында Қонаев қа­ла­сының әкімі Асхат Бердіханов та кітап­хана ұжымының кәсіби еңбегіне жоғары баға беріп, сала үздіктерін марапаттады. Сондай-ақ Қонаев гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, «ASAU» жобасының авторы Қуаныш Зұлқашев әскерилердің кітап оқуға құлшынысы артқанын атай келе, жобаға қатысқан үздік сарбаздардың же­тістіктерін тарқатып өтті. Ал ақын, драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Беделхан кітап пен кітапхананың адамзат өмірінде алар орнына тоқталып, тағылымды ой өрбітті.

Іс-шара барысында аталған кітап­ханада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен кітапханашылар да өз ойын ортаға салып, әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады.

«Ағартушылықтың алтын ордасына айналған осы кітапханада еңбек еткеніме 33 жыл болды. Қаншама оқырманмен жүздесіп, тілдесіп, өмірімнің жарқын сәттерін өткізіп келемін. Кітапхана – оқырмандарымен көрікті. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен кітап оқуға бетбұрыс жасалып, кітапхана­­­­ла­рымыздың қайта жаңғыр­тылып, заманауи үлгіде жасақталуы ерекше қуаныш сыйлады. Бүгінгі мерейтойда әріптестеріме толағай табыс, отбастарына амандық тілеймін», деді «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталған Даража Нұрланқызы.

Мереке барысында кітапхана жұ­мысының жандануына және сақталып қалуына маңдай терін төгіп, көз майын тауысқан ардагер-кітапханашылар Маргарита Сатылғанова, Татьяна Бли­нова, Любовь Чудновец, Елена Попо­валар естен кетпес естеліктерімен бөлісті. Ақсамайлы ардагерлерге лайық­ты құрмет көрсетілді.

Кітапханашылардың жүзіне қуаныш ұялатқан мәдени іс-шара Қонаев қалалық Мәдениет үйі өнерпаздарының және «Қонаев әуендері» ансамблінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Алматы облысы,

Қонаев қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 20:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары