Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Әскери дронды меңгеру заман талабы

Әскери дронды меңгеру заман талабы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұл бізге де әскер қуатын қай бағытта дамытуға көбірек назар салу керек екенін аңғартып отыр. Осылайша, 2022 жылы 30 маусымда елімізде Қарулы күштер Бас штабының Ұшқышсыз авиациялық жүйелер (ҰАЖ) және роботтандырылған кешендер департаменті құрылды.

Аталған департамент басшы­сы­ның орынбасары, полковник Әмір Қасеновтің айтуынша, маман­дандырылған мекеменің құрылуы ұшқышсыз авиациялық технологиялардың қарқынды дамуы, олардың қолданылу ауқы­мының кеңеюі, қазіргі заманғы әскери қақтығыстар сипатының түбегейлі өзгеруімен байланыс­ты. Ұшқышсыз авиациялық жүйе­­лер жеке құрамның тікелей қатысуынсыз және өмірге қауіп төндірмей-ақ кең ауқымды міндет­тер­ді орындауға мүмкіндік беріп, әскери іс-әрекеттер тиім­ділігін айтар­лықтай арттырады.

«ҰАЖ – барлау жүргізу, әскерді басқару, қарсыласты оқ атып жою және жүк жеткізу сияқты негізгі міндеттерді атқаруда маңызды құралдың бірі. Олардың қол­данылуы шешім қабылдау жеделдігін, жауынгерлік тапсырмаларды орындау дәлдігін, жалпы басқару тиімділігін арттырады. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою шараларында да белсенді қолданылады», дейді Ә.Қасенов.

Оның айтуынша, еліміздің Қарулы күштерінің қару-жарақ құрамында «шағын» деңгейден бастап «жедел-стратегиялық» деңгейге дейінгі әртүрлі кластағы ұшқышсыз авиациялық жүйелер бар. Көрнекі сынақтар мен тәжірибелік-әскери жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, онда ұшқышсыз авиациялық жүйе­лердің сенімділігі мен тактикалық-техникалық сипаттамалары тексеріледі. Сонымен қатар ел аумағында дрондарды жаппай өндіру мәселелері де қарастырылып жатыр.

«Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану бойынша курсанттарды оқыту Қорғаныс министрлігінің барлық жоғары әскери оқу орындарында жүргі­зіліп жатыр. Астана мен Щучинск қалаларындағы әскери колледж­дерде ұшқышсыз және робот­тандырылған жүйелерді пайдалану мен қызмет көрсету мамандары даярланады. Кадеттер осы жылы да қабылданады. Сондай-ақ бұл бағыттағы әскери қызметшілердің біліктілігін арттыру курстары тұрақты түрде өткізіліп келеді», дейді полковник Ә.Қасенов.

Мамандар ұшқышсыз авиация – еліміздің Қарулы күштердегі ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттың бірі екенін айтады. Бұл саланың білікті кадрлары күнделікті қызметте, түрлі оқу-жаттығулар барысында жүктелген міндеттерді табысты орындап жүр. ҰАЖ ведомствоаралық, халықаралық оқу-жаттығуларға да қатысып, барлау, оқ ату және әскери әрекеттердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өз тиімділігін дәлелдеген.

Операторлар, инженерлер мен техникалық мамандардың кәсібилігі, тәжірибесі мен әскери борышқа адалдығы елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған ұшқышсыз авиациялық технологияларды одан әрі дамытуға берік негіз болып отыр. Осы орайда Алматыдағы Қорғаныс министрлігіне қарасты Радио­электроника және байланыс әскери-инженерлік институтында отандық мамандар әскери дрон жасау ісімен айналысып жатқанын айта кету керек.

Өткен жылдың аяғында атал­ған оқу орнына бас сұғып, сол жұмыстың барысын көріп қайтқан едік. «Degelek» деп аталатын көпмақсатты гибридті ұшқышсыз аппараттың дизайны да, атқаратын жұмысы да көңілден шықты. Институт бастығы, генерал-майор Нұртас Қабақовтың айтуынша, бұл дрон барлау жүргізу, оқу-жаттығу, жүк жеткізу мақсатында, тіпті дрон-камикадзе ретінде де қолданылмақ. Қазіргі уақытта жоба жетілдіріліп жатыр.

«Дайын болған соң, алдымен сынақтан өткізіліп, кейін Қарулы күштер құрамына қабылданады. Бұдан бөлек, институт мамандары Қарулы күштерге қабылданған әрі іс жүзінде жоғары тиімділігін дәлелдеген «Меруерт» дронға қар­сы құралы мен өзге де тәжірибелік-конструкторлық үлгілерді жасап жатыр. Еліміздің ең үздік инженері атанған кафедра бастығының орынбасары, подполковник Нұржан Зікірияев – Қарулы күштерімізге қабылданған үш бірегей қорғаныс жүйесінің авторы. Соның бірі – Wing Loong-1 дрондарына кеңестік заманнан қалған снарядтарды ілу жобасы. Елімізде мұндай ескі артиллериялық снарядтар көп сақталған. Оларды дронға байлау арқылы қолдану әлдеқайда сәтті болатыны дәлелденді», деді институт бастығы.

Сондай-ақ елімізде әскер қата­рына шақырылған жастарға және әскери міндетті азаматтарға дрон басқару қабілеті үздіксіз үйретіліп жатқанын айта кету керек. Мәселен, осындай оқу-жаттығудың бірі қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы 14157 әскери бөлім базасында өтіп жатыр. Онда әскери міндеттілер далалық жағдайда дрон операторы кәсібін игереді. Бұл жолы алғаш рет резервтегілер дәстүрлі әскери даярлықтың негізгі курсын меңгерумен қатар, дрондарды басқаруды да үйренбек.

Бұл жиындарды өткізу үшін 14157 әскери бөлімі кездейсоқ таңдалмапты. Аталған бөлім ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеуге маманданған. Запас­тан шақырылған азамат­тарды оқытуға тәжірибелі нұсқау­шылар тартылған.

Бір айлық жиынға Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы, Жуалы ауданы және Байзақ ауданынан 120 азамат келген. «Бұл жиынның ерекшелігі – резервтегілер тек бастапқы әскери дайындықтан өтіп қана қоймай, дрондардың құрылымын, оларды басқару негіздерін де меңгереді. Бізде жеке құрамды қабылдауға толық дайындық жасалған, оқу алаң­дары мен шатырлы лагерь жабдық­талған», дейді 14157 әскери бөлім командирінің тәрбие және идео­логиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Әлімжін Қуантай.

Жергілікті әскери орган өкіл­дері бұл оқу-жаттығуға әскери мін­деттілерді ерекше мұқият іріктеп жинағанын айтады.

«Біздің міндетіміз – азаматтарды сапалы іріктеу, дұрыс ақпарат беріп, жиын өтетін орынға жеткізу болды. Шақырылғандардың арасында фермерлер, жүргізушілер, инженерлер, заңгерлер мен бухгалтерлер бар. Олардың барлығы шақыруды дұрыс қабылдап, да­йындалып келді», дейді Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жұмылдыру ресурс­тарын тағайындау бөлімінің басшысы, полковник Алмас Чункунов.

«Бұл оқу-жаттығу біз үшін де қызық. Қазіргі уақытта елді заманауи технологиялардың көмегімен қорғап үйрену қажет. Оқуға да­йынмын, сондықтан жиынға еш қарсылықсыз шын ықыласпен келдім», деп ойын білдірді Жуалы ауданынан келген әскери міндетті азамат Рауан Сапарбай.

Бүгінде елімізде бұл бағыттағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Өйткені заман талабы сондай. Соңғы үлгідегі технологияны жаппай меңгерген ел ғана өзін толыққанды қауіпсіз сезінетін уақыт туып тұр. Қазақ елі де бұл талап үдесінен толыққанды шығуы қажет.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары