Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?

Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Кейінгі кезеңде еңбек нарығы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаңа, заманауи жүйе икемділікті, жеделдікті, мобильділікті талап етеді. Осы ретте қазақ қоғамында «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп аталатын тұтас бір әлеуметтік топ қалыптасты.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Ұлттық статистика бюросы­ның деректеріне сүйенсек, ел­дегі жұмыс күшінің жалпы саны 9,2–9,3 млн адамды құраса, соның шамамен 2,2 миллионы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Бұл дегеніміз – экономикалық бел­сенді халықтың төрттен біріне жуығы (шамамен 23–24%) – ресми жалдамалы жұмысшы емес, өз күнін өзі көріп жүрген жандар.

Статистикаға тереңірек үңілсек, бірқатар қызықты үрдісті байқауға болады. Мәселен, жалдамалы жұмыс­шылардың дені Алматы, Астана сияқты мегаполистерде шоғыр­ланса, өзін-өзі жұмыспен қамту көрсеткіші жөнінен Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары көш бастап тұр. Түркістан облысы­ның өзінде ғана 370 мыңнан астам адам осы санатқа жатады. Бұл ахуал өңірдегі ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерліктің ерек­шелігіне тікелей байланысты орын алып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауларында еңбек нарығын әртараптандыру, азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесімен толық қамту мәселесін ұдайы көтеріп келеді. Осы орайда 2023 жылы қабылданған Әлеуметтік кодекс үлкен бетбұрыс болды. Бұрынғы Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылғаны белгілі. Бұл қа­дам алғашында қоғамда түрлі пікір ту­дыр­ғанымен, Үкіметтің мақсаты айқын – азаматтарды «уақытша» төлемдерден тұрақты, заңды кәсіпкерлік субъектісіне айналдыру болды. Қазірде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға бірнеше тиімді режім ұсынылып отыр. Айталық, арнайы мобильді қосымша (E-Salyq Business) режімі арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелу оңайлатылған, табыстың 1%-ы ғана салық ретінде төленеді. Яндекс, Glovo, Wolt секілді платформаларда жұмыс істейтіндерге арналған қанатқақты жоба іске қосылған. Онда салық пен әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы, МӘМС) операторлар автоматты түрде ұстап қалады.

Бүгінде такси жүргізушілері мен курьерлер – қала тіршілігінің ажырамас бөлігі. Сарапшылардың есебінше, елімізде платформалық жұмыспен қамтылғандар саны 500 мыңнан асып жығылады. Экономист-сарапшы Мақсат Халықтың пікірінше, бұл саланың екі ұшы бар.

«Бір жағынан, платформалық жұмыс жастар мен уақытша жұмыссыз жүргендерге таптырмас табыс көзі. Икемді кесте, күнделікті төлем – үлкен артықшылық. Екінші жағынан, олардың еңбек құқықтары толық қорғалмаған. Еңбек демалысы, аурухана парағы деген ұғымдар жоқ. Үкіметтің қазіргі саясаты осы олқылықтың орнын толтыру­ға, оларды МӘМС пен зейнетақы жүйе­сіне тартуға бағытталған, бұл өте дұрыс қадам», дейді маман.

Жалпы, өзін-өзі жұмыспен қамтыған­дарды шартты түрде өнімді, өнімсіз деп, екіге бөліп қарастырған жөн. Өнімді топқа табысы тұрақты, кәсібі дамып келе жатқан фрилансерлер, таксистер, шағын цех иелері жатады. Өнімсіз топқа көбіне ауылдық жердегі, өз отбасының қажеттілігі үшін ғана мал ұстап, бақша егетін тұрғындар кіреді. Әлеуметтанушы Айгүл Сәдуақасова бұл мәселенің әлеуметтік астарына тереңірек ден қояды.

«Біз статистика қуалап, сандарға алданбауымыз керек. Өнімсіз жұмыспен қамтылғандар – шын мәнінде жасырын жұмыссыздар. Олардың табысы күнкөрістен аспайды. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан «Бастау бизнес» секілді гранттар, жеңілдетілген несиелер осы топты нағыз кәсіпкерлер қатарына қосуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл жерде қаржылық сауаттылық мәселесі алдымыздан шығады», дейді сарапшы.

Айрықша атап өткен жөн, мемлекет «көлеңкеден шығуды» құрғақ талап етіп қана қоймай, оның қарымтасына ауқымды қолдау шараларын ұсынып отыр. Атап айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жеңілдетілген жарна төлеу арқылы медициналық қызметтің толық пакетіне қол жеткізе алады. Бұл әсіресе қымбат операциялар мен скринингтер қажет болғанда маңызды. Ең төменгі жарналарды төлеу арқылы бола­шақта базалық зейнетақыдан бөлек, жинақтаушы зейнетақы алу құқығына да ие болады. Сондай-ақ жаңадан тіркелген шағын кәсіпкерлер үшін тексерістерге мораторий, жеңілдетілген салық режімі (бөлшек салық) қарастырылған. Enbek.kz порталы арқылы тегін кәсіби курстар оқытылып, сұранысқа ие мамандықтар бойынша біліктілікті арттыруға жағдай жасалған.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, биылдан бастап елімізде тек үш салық режімі қалады. Соның бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық режімі. Үкімет былтырғы 21 қарашадағы қау­лы­сымен осы, жаңа Арнаулы салық режімін (АСР) қолдануға рұқсат етіле­тін 46 қызмет түрінің тізімін бекітті. Тізімге күнделікті тұрмыста сұранысқа ие, шағын кәсіп иелері жиі атқаратын қызмет түрлері енген. Айталық, құры­лыс, жөндеу жұмыстары: сылақ, ағаш шеберлігі, еден жабу, сырлау, тұрмыстық техника, жиһаз, компьютер, сағат пен зергерлік бұйым жөндеумен айналысатындар. Сондай-ақ көлік саласында такси жүргізу, жүк тасымалдау, жеңіл, жүк көліктерін жалға беретіндер де өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына жатады. Түрлі мүлікті басқару бағытында, ауыл шаруашылығы техникасын, кеңсе жабдықтарын, спорт құралдарын жалға бере­тіндер де, клининг, кір жуу, шаш­тараз, сұлулық салондары, түрлі тұрмыс­тық заттарды жөндеумен айналыса­тындар да осы салық режімін қолдана алады. Тізімде шығармашылық, мәдениет саласындағы суретшілер мен жазушылардың еңбегі, фотосурет қызметі, музыкалық аспап жасау, жөндеу де бар. Бұдан бөлек, спорт, мәдениет, қосымша білім салаларындағы қызметтер де жаңа режім аясында жүзеге асады. Сонымен қатар ветеринарлық қызмет, аударма ісі, үй жұмыскерлері де өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып есептеледі.

Бұл шешім – азаматтардың экономи­ка­лық белсенділігін ынталандыруға, са­лықтық есептілікті жеңілдетуге, өзін-өзі жұ­мыспен қамту секторындағы кіріс­терді заңдастыруға бағытталған ауқым­ды реформаның бір бөлігі. Жаңа АСР жеке кәсіпкер мәртебесі жоқ, жалдама­лы қызметкері жоқ азаматтардың заң­ды түрде жұмыс істеуіне барынша қара­па­йым әрі қолжетімді тетік ретінде әзірленген.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Табыс салығынан толық босатыла­ды, тек табысының 4%-ын әлеуметтік тө­лемдер ретінде аударып отырады. Бүкіл са­лықты арнайы мобильді қосым­ша ар­қылы төлеуге болады. Ал интернет-плат­формалардан табыс тапқан жағ­дай­да төлемдерді ұстау мен аударуды плат­­форма операторларының өздері жүргізеді.

Әлеуметтік төлемдерді 4%-дық бір­ыңғай мөлшерлемеге енгізу өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға әлеу­меттік қамсыздандырылуға, зейнет­ақы жинақтарына, медициналық сақтан­дыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы арқылы олар бұған дейін негізінен ресми түрде жұмыс істейтін азаматтарға ғана қолжетімді болған әлеуметтік қор­ғау­мен қамтамасыз етіледі.

Жаңа АСР-ді енгізу – экономиканың едәуір бөлігін көлеңкеден шығару, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды толыққанды әлеуметтік қорғау, оларды ресми еңбек нарығына интеграциялау бағытындағы маңызды қадам. Бұл жеңілдік әкімшілік жүктемені азайтып қана қоймай, заңды экономикалық статистиканың қалыптасуына да ықпал етеді. Мемлекетке де, өзін-өзі жұмыспен қамтыған әрбір азаматқа да барынша тиімді шешім.

Жылдың енді басталғанына қара­мас­тан, жаңа жүйе жемісін бере бастады. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс­тер комитеті ресми хабарлағандай, қаң­тардың алғашқы 10 күнінде жаңа Салық кодексі шеңберінде еліміздегі ­66 мың жеке тұлға қызметін заңдасты­рып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесінде жұмыс істей бастаған. «Мұндай нәтиже жаңа жылдан күшіне енген арнаулы салық режімінің арқасында мүмкін болды. Бұл – өз бетінше жұмыс істейтін, табыс табатын жеке тұлғалар үшін барынша қарапайым, ыңғайлы салық режімі», деп жазылған хабарламада.

Түптеп келгенде, өзін-өзі жұмыспен қамту – ендігі жерде «амалсыздың күні» емес, әлемдік экономикалық трендтің бір бөлігі. Мемлекеттің міндеті – осы санаттағы азаматтарды қысып, салыққа мәжбүрлеу емес, керісінше, оларды заңды өріске шығарып, әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету.

Бүгінде Үкімет цифрландыру арқылы бюрократияны жойып, «смартфондағы салық» қағидасына көшіп жатыр. Бұл – құптарлық іс. Дегенмен, сарапшылар айтқандай, басты мәселе – халықтың табы­сын арттыру. Егер азаматтың тап­қаны шай-пұлынан артылса, ол салық төлеу­ден де, болашағына инвестиция салу­дан да қашпайды. Сол тұрғыда еңбек на­рығының ерекше буыны саналатын осы үлкен шоғырдың әлеуетін дұрыс пайдалану Жаңа Қазақстанның эко­номикалық қуатын арттырудың қалаулы бір бағыты болып қала береді. 

Соңғы жаңалықтар

14 қаңтар күні оқушылар онлайн оқиды

Ауа райы • Бүгін, 00:30

Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады

Әлем • Кеше

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райы • Кеше

Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған

Қылмыс • Кеше

Атырауда өлі табылған ерлі-зайыптының мүрдесінде пышақ ізі бары анықталды

Қылмыс • Кеше

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

Қарияларға белсенді өмір сыйлаған орталық

Қоғам • Кеше

Полицейлер шетінен парамен ұсталып жатыр

Жемқорлық • Кеше

Депутаттар жастармен ашық әңгімелесті

Жастар • Кеше

Көлік қозғалысын жеңілдеткен оң жақ өткел

Инфрақұрылым • Кеше

Депутат Алматы облысының кәсіпкерлерімен импортты алмастыру мәселесін талқылады

Бизнес • Кеше

Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады

Алматы • Кеше

Алматыда айналасы бір аптада «әдемі» нөмір алғысы келетіндерден 19 мыңдай өтініш түсті

Қоғам • Кеше

Шымкенттегі кәсіпорын жылына 50 млн жұп шұлық шығарады

Шымкент • Кеше

Халықаралық көрмеде үздік туындыларымыз таныстырылды

Руханият • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 08:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары