Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Халықты жұмыспен қамту қарқыны

Халықты жұмыспен қамту қарқыны

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кез келген елдің экономикасы тұрғындардың әл-ауқатымен айқындалады.

Ал бұқараның өмір сапасы табысына тікелей байланысты. 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың қазақстандықтың тұрақты жұмысы болуы шарт. Әсіресе жастардың екі қолға бір күрек табуы маңызды. Бұл -  Президент тапсырмасы. Осы ретте құзырлы министрлік, жалпы Үкімет межелі мақсатқа жетудің қандай  амалын жасап жатыр? 

Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын деп Абай айтпақшы, халық үшін де, билік үшін де бұл өте өзекті мәселе. Біздің елде бұқараның әл-ауқатын арттыру бағытында қолға алынған бастамалар аз емес. Қазір тарқатып айтамын. 

2030 жылға дейін 3 млн 300 мың қазақстандық жұмыспен қамтылуы тиіс. Соның 2 млн 200 мыңы жастар болуы шарт. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына осындай ауқымды міндет қойды. Демек, осы аралықта еңбек нарығы жаңарып, жаңа салалар дами түседі. Ал ең бастысы, адами капиталдың рөлі артады. Қазіргі таңда межелі мақсатқа жету үшін өңір-өңірде жұмыспен қамту карталары бекітіліп, мансап орталықтары жұмыс істеп жатыр. Оған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Тіпті, бұған бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді. 

2030 ж   3 млн 300 мың адам жұмыспен қамтылады   2 млн 200 мыңы -  жастар

Жыл сайын   950 мың адам  

Бүгінгі таңда Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі -  4,6 пайыз. Соның ішінде Президент ерекше көңіл бөліп отырған жастар санатында 3 пайыз шамасын құрайды. Ал  жалпы жұмыссыздық деңгейі бір жыл ішінде 1,1 пайызға төмендеген. Еңбек министрлігінің мәліметі осындай. Биыл 735 мың тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған болса, соның 46 пайызы - жастар.

ЕЛДЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ    4,6%    1,1% стрелка вниз

ЖАСТАР АРАСЫНДА     3%

2025 ж    735 мың адам жұмысқа орналасты    

Нысанбай Сисен, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:

- Төрт бағыт бойынша жұмысқа орналасқан болатын. Оның ішінде Ұлттық жобалар шеңберінде  34 мыңға жуық адам жұмысқа орналасып, сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 171 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасты. Сондай-ақ жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына 175 мың адам жұмысқа орналасты. Сондай-ақ Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жұмыс орны бастамасы шеңберінде 356 мың адам жұмысқа орналасты.

Екі қолға бір күрек іздеген азаматтар үшін мемлекет бірқатар көмек ұсынады. Айталық, халықтың әлеуметтік осал тобына арналған қайтарымсыз гранттар бар. Оның сомасы 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни  1 млн 572 мың теңге. Бұл қаржы белгілі бір кәсіп түрін бастауға беріледі. Ол үшін жобаңызды арнайы комиссия мақұлдауы шарт. Биыл мұндай мүмкіндікті 9 мың 200 адам қолданып үлгерген. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтар үшін қысқа мерзімді курстар барын еске салайын. Бүгінде 9 мың 800-ге жуық отандасымыз аталмыш оқудан өтті.

Нысанбай Сисен, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:

- Курстың ұзақтығы 1-6 ай аралығын құрайды. Оқуға барған уақытта азаматқа қосымша шәкіртақы төленеді. Сонымен қатар, жол ақысы төленеді. Егер де ауылдан қалаға келіп оқитын болса, тұрғын үй жайларына да ақша төленеді. Сонымен қатар, курстың артықшылығы: жұмыс берушілердің сұранысы арқылы оқытылады. Сол сұраныс берген мекемелерге тұрақты жұмысқа орналастырамыз.  

Ал кей жұмыс орындары мемлекет тарапынан субсидияланады. Бұл қатарға  жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны, ұрпақтар келісімшарты жобасы енгізілді. Осы аталған бағыттар бойынша мемлекет 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жалақы төлейді. Бұдан өзге, ауылдық жердегі жасы 50-*ден асқан азаматтардың назарына "Күміс жас" жобасы ұсынылып отыр. Яғни егде жасқа таяу әлеумет жұмысқа орналасса, 3 жыл бойы жалақысын мемлекет субсидиядлайды. 

СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ:

"ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ"

"АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ"                                 30АЕК

"ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ" ЖОБАСЫ

өзге де қоғамдық, әлеуметтік жұмыстар 

Нысанбай Сисен, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:

- Әлеуметтік жұмыс орны бар. Бұл бағдарламаның ерешелігі: шалғай елді мекендердегі шаруа қожалықтары осы бағдарлама осы бағдарламаны пайдаланады. Қызметкердің жалақысының 35 пайызын мемлекет субсидиялайды.  

Біз тек бұқараның әлеуетін арттыру бағытында іске асып жатқан бастамалардың бір парасына тоқталдық.  Осы ретте Скилс еңбек платформасын атап өтпеске болмас. Ол жерде 19 сала бойынша  700-ге жуық курс орналастырылған. Соның жартысынан астамы халық үшін тегін. Кез келген адам тіпті сіз бен біз осы платормаға тіркеліп, қысқа мерзімде белгілі бір мамандық түрін меңгеріп шығуға болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 20:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары