Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

14.02.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

"Қазгидромет" баспасөз қызметі 14, 15 және 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

15 ақпаннан бастап Қазақстанның батыс өңірлеріне солтүстік-батыстан циклон жылжиды. Ол шығысқа қарай қозғалып, жаңбыр мен қар алып келеді. Сонымен қатар желдің күшеюі байқалып, ауа температурасы республика аумағында біртіндеп көтеріледі.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның ықпалымен атмосфералық фронттар өтеді. Осыған байланысты аталған аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр мен қар жауады. 14–15 ақпанда кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ және тұманның түсуі де болжанып отыр.

Бұған дейін Алматы қаласы мен елдің 14 облысында 13 ақпан, жұма күні дауылды ескерту жарияланған еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью